Перейти к основному содержанию
1849 просмотров

Теңге қай жағдайда құнсыздануы мүмкін?

Экономист Олжас Құдайбергенов ақша айырбастау бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін екенін айтып берді

Фото: shutterstock.com

Ұлттық валюта бағамының  кенет құнсыздануы сыртқы нарықтағы жағдайдың өзгеруінен, әсіресе мұнай бағасының төмендеуінен болуы мүмкін деп тұжырымдайды Стратегиялық бастамалар Орталығының  (CSI)  аға серіктесі, экономист Олжас Құдайбергенов.  

 «Қазіргі кезде инфляция 2014-2015 жылғы девальвацияның әсерінен қалыптасқан тұрақтылық  қорын тауысты, сол кезде қол жеткізілген баға тепе-теңдігін қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Мұнай бағасы арзандаса, теңге тағы да құнсыздануы мүмкін», – деді экономист 17 қазанда өткен баспасөз-жиынында.  

«Мұнай бағасы айтарлықтай жоғары болып тұрған шақта, теңге бағамын нығайтып алу қажет» деген пікірлер де бар екенін айтып өтті.  

«Бірақ қазір теңге бағамын нығайту экономикаға қатты соққы болып тиюі мүмкін, сондықтан курсты нығайтудың еш қажеттігі жоқ, ал ұлттық валютаның құнсыздануы тек сыртқы жағдай өзгерген кезде болуы мүмкін», - деп пайымдайды сарапшы. 

Сонымен бірге, ол қысқа мерзімді кезеңге арналған теңге бағамы жайлы өз болжамын айтудан бас тартты.   

 «Біздің нарық шағын ғана және ірі ойыншылар бүкіл көрсеткіштерді қатты қадағалап отыр. Алайда теңге бағамының құбылуына ұсақ ойыншылардың да әрекеттері жетерлік еді, сонымен қатар кез-келген дүрлікпе теңге бағамының құлдырауына әкеп соғатын факторға айнала алады. Сондықтан, мен осы тұрғыдан қарағанда, теңге бағамының өзгеруіне қатысты пікір білдіруден тартынып отырмын, – деді Орталық басшысы.   

Сонымен қатар, ол «Альпари» компаниясының сараптамалық департаментінің директоры Александр Разуваев мырзаның болжамын сынға алды. Александр Разуваев қыркүйек айының басында «жыл соңына дейін курс 1 доллар үшін – 350-370 теңге аралығында тербеліп, Жаңа жылдан соң 1 АҚШ долларының құны 400 теңге көрсеткішінен асып жығылады, оған себеп қазақстандық билік, ресейліктер сияқты, өзінің ұлттық валютасына «уақытша дүние» секілді қарап, оны нығайтуға еш әрекет жасамайды» деп мәлімдеген еді.  

Экономист ресейлік сарапшының сөзіне қатысты: «Былай түсіндірейін, сарапшы пиар-қадамға көбірек ұқсайтын осы іспетті өткір тұжырымдаманы қолданған шақта, оған деген сенім төмендеуі мүмкін: егер ұлттық валюталар маңызы жоқ уақытша нәрсе болса, неге бірден «доллар 1000 немесе 2000 теңге тұрады» деп болжам жасап тастамасқа?, – деп, өз пікірін білдірді.  

banner_wsj.gif

1094 просмотра

22 миллион теңге несиені қалай алуға болады?

Мемлекет мал шаруашылығы үшін тиімді жоба ұсынып отыр

Фото: kursiv.kz

Енді қазақстандықтар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі сомада несие алып, кәсіп бастай алады. 

    Аталған бағдарламаның еңселі бір бағыты – жұмыссыз немесе өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың бизнес ашуына мүмкіндік сыйлау. Бұл орайда бағдарлама елімізде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдауға көмектесетін ыңғайлы несие ұсынады.

    Егер сіз мал шаруашылығымен айналысуды қаласаңыз, не болмаса ауыл шаруашылық кооперативтерін құрар болсаңыз – 7 жылға 6 пайызбен 22 миллион теңге несие алуыңызға мүмкіндік бар. Егер несиеге өтініш беруші аз қамтылған немесе көп балалы отбасыдан шыққан болса, онда несие оған 4 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. 

    Несие алып, кәсіп бастау үшін алдымен «Бастау Бизнес» жобасы аясында бизнес-жобаны қорғаған немесе басқа бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік оқу курстарының сертификатын алған болуы тиіс. 

    Жалпы, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 млрд теңгеге 1 164 микро несие беріліп, оның 3,67 миллиарды 971 ауыл кәсіпкерінің қажетіне жараған. Сөй    тіп, олар 1 061 жұмыс орнын құрған. Осы жылға бөлінген қаражат мөлшері – 54,2 млрд теңге. Соның 43,3 миллиарды ауылдық, 10,9 миллиарды қалалық кәсіпкерлердің еншісіне тиуі керек. Егер осы жоспар жүзеге асса онда 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. 

    Ал қазіргі күнге дейін осы бағдарламаға 157,5 мың адам қатысыпты. Соның 110 мыңнан астамы жұмыссыздар екен. Жалпы: 
•    Субсидияланатын жұмыс орындарына 64,3 мың адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде: 
1.    Әлеуметтік жұмыс орындарына – 11,6 мың; 
2.    Жастар практикасына – 9,7 мың; 
3.    Қоғамдық жұмыстарға – 43 мың адам тартылған. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан су жаңа ақпараты бойынша, қысқа мерзімді оқыту курстарына 676 адам жіберілген. Жыл соңына дейін осы шарамен 18,8 мың адамды қамту жоспарланып отыр. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png