Перейти к основному содержанию

bavaria_x6_1200x120.gif


10692 просмотра

Умут Шаяхметова: присоединение Qazkom к Народному Банку завершено

Клиенты Казкоммерцбанка и Народного Банка теперь могут обслуживаться во всех филиалах и отделениях Народного Банка

АО «Народный Банк Казахстана» и АО «Казкоммерцбанк» сообщили о подписании Передаточныого акта. Акт является юридическим оформлением факта передачи Народному Банку всего имущества, всех прав и обязательств Казкоммерцбанка в рамках добровольной реорганизации Народного Банка и Казкоммерцбанка в форме присоединения Казкома к Народному.

«Мы завершили большой процесс, который длился более полутора лет, начиная со вступления в переговоры, процедуры due diligence (комплексной финансовой проверки) предшествующей приобретению акций Казкоммерцбанка, совершения самой сделки, и наконец, последующей интеграции и объединения двух банков. Все мероприятия по переходу Народного банка и Казкоммерцбанка на единую технологическую платформу завершены в полном соответствии с графиком. Наступает новый этап в истории Народного Банка и всего финансового сектора Казахстана. Миллионы клиентов доверяют Народному Банку, и мы будем прилагать все усилия, чтобы оправдать их ожидания», — прокомментировала итоги интеграции председатель правления Народного Банка Умут Шаяхметова.

Решения об утверждении Передаточного акта были приняты 26 июля 2018 года на внеочередном общем собрании акционеров Народного Банка, внеочередном общем собрании акционеров Казкоммерцбанка и совместном общем собрании акционеров Казкоммерцбанка и Народного Банка.

В соответствии с Решениями акционеров было размещено 758 687 723 простых акций Народного Банка среди акционеров Казкоммерцбанка (за исключением Народного Банка) в обмен на простые акции Казкоммерцбанка.

Таким образом, процесс передачи Казкоммерцбанком всего имущества, всех прав и обязательств Казкоммерцбанка Народному Банку завершён. Этому предшествовало получение предварительного разрешения Национального Банка Республики Казахстан.

Также Народный Банк и Казкоммерцбанк завершили все необходимые технологические работы в результате которых, клиенты Казкоммерцбанка и Народного Банка теперь могут обслуживаться во всех филиалах и отделениях Народного Банка. Дочерние организации Казкоммерцбанка становятся дочерними организациями Народного Банка.


426 просмотров

Ұлттық банк валютаны елде ұстап қалу үшін не істейді?

Реттеуші 1 шілдеден банктерге арналған жаңа құрал енгізуге уәде берді

Валюталық активтерді елде сақтауды ынталандыру үшін 1 шілдеден жаңа құрал енгізілмек: Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге арналған валюталық депозит ұсынады. ҰБ төрағасы Ерболат Досаев 11 маусымда өткен үкімет отырысында бұндай депозиттерді сақтау мерзімі – 1 ай, пайыздық мөлшерлемесі 0,5% болады деп атап өткен еді. 

Қаржыгерлер бірнеше жылдан бері табыстарын кем алып жүргендерін айтып, шағымданып келеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ЕДБ қаржысының бір бөлігін Ұлттық банктің арнайы есепшотында ұстауға міндетті. «НСФР»  мен «КВА» коэфиценттері жан-жақтан басып тұрған екінші деңгейлі банктер шығынға батып, табыстарының бір бөлігінен айырылуда, өйткені валюталық автивтердің бір бөлігін жұмыс істеткізбей, бекер ұстап отыруға мәжбүр», – деп нақтылады ВТБ Банкі басқарма төрағасының орынбасары Юрий Миронов

Десе де, қаржыгерлерге ақшасын бақылаушы органда сақтау міндетті де емес, оның орнына жергілікті өндіріске сала алады. «Шетелдік валютаға орналастыруға болатын актив көп болса, бұл шаруаның ешбір қиындығы болмас еді. Бұндай несиелердің негізгі тұтынушылары – экспортқа тауар шығаратын компаниялар. Алайда олар қазақстандық банктердегі бұл ақшаны қарызға алуға асығар емес»,– деп пайымдайды ALPHALUX Consulting компаниясының сарапшысы Сергей Полыгалов.

Өйткені шетелдік қаржы ұйымдары ұсынатын қарыздың пайыздық мөлшерлемесі қазақстандық банктерден біршама төмен.

Қазақстанда заңды тұлғаларға доллармен берілетін несиенің құны 5,5-6,7 пайыз аралығында болса, шетелдік банктерде орташа мөлшерлеме 1,5-2 пайызды құрайды. Қаржыгерлердің айтуынша, жергілікті нарық тар және реттеушінің талаптары қатаң, сондықтан өз салымшыларының валюталық жинақтарына жоғары пайыз ұсына алмайды, осы себепті салымшылар  отандық банктерден қаржысын алып кетіп жатыр. 

«Жинақ көрсеткіштері төмендеп келеді. Корпоративтік клиенттерге қатысты айтар болсақ, депозиттердің Қазақстаннан жылыстауы байқалады. Біз ақшаны Ұлттық банкке 0 пайызбен салатындықтан, корпоративтік клиенттерге ұсынатын пайыздық мөлшерлемеміз де 0 пайыз. Ұлттық банк осыған қатысты шараларды қолға алмаса, бұл үрдіс жалғаса береді», – деген еді бір ай бұрын өткен баспасөз-жиынында Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова. 

Оның сөздеріне бақылаушы органның статистикасы дәлел. Қаңтар-сәуір аралығында валюталық депозиттердің көлемі 20,4 пайызға төмендеп, теңгемен алғанда, 7,1 трлн теңге көлемінде қалыптасқан. Егер шетелдік валютадағы салымдардың құрылымына зер салсақ, корпоративтік клиенттердің салымдары қарқынды түрде төмендеп кеткенін байқаймыз(-30%).

Өзгеріс керек

Ұлттық банктің бұл жаңалығын қаржыгерлер салқын қабылдады. Банктердің басым бөлігі осы құралдың енгізілуіне байланысты пікір білдіруден бас тартты, өйткені долларлық депозиттер бойын көрші Ресейдің өзінде мөлшерлеме жоғары болғандықтан, валюталық активтерді елде сақтап қалуға әсері аз болмақ.

«Әрине, бұл құралдың мақсаты дұрыс, бірақ ақшасын шетелдік банктерде салуға мүмкіндігі барлар соңғысын таңдай береді. Бұл шараны қолға алғандағы жалғыз нәтиже – банктер өз валюталық өтімділігін орналастырудан аз да болса кіріс алады. Реттеушінің байланыстырма есепшоттарда қалған ақша үшін төлем жасау бағытындағы алғашқы қадамы жалғасын табады деген үміттеміз»,– деді  Юрий Миронов.

Оның айтуынша, жергілікті ВТБ валюта өтімділігін Ұлттық банктегі корреспонденттік есепшотта сақтайды. Altyn Bank те реттеушінің талабын орындайды, бірақ қаражатының бір бөлігін мөлшерлемесі жақсы, рейтингі жоғары шетелдік банк пен облигацияға аударып жатыр. 

«Реттеушінің бастамасын жақсы өзгеріс деп санауға болады. Ұлттық банктегі депозиттің мөлшерлемесі нарықтық – LIBOR мөлшерлемесімен теңестірілуі керек», – дейді Altyn Bank қазынашылық департаментінің директоры Виктория Чудина. –Халықаралық нарықта дәл осы мерзімге доллармен салынған депозиттердің пайыздық үстемақысы 2,35-2,4% құрайды, бұл Ұлттық банктің ұсынысынан әлдеқайда жоғары».
 
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы  Ұлттық банктің бастамасы жақсы екенін айтады. «Бұл шара валюталық автивтерді елде сақтауға ынталандыруға бағытталғанымен, сыртқы нарықтағы қаржы ұйымдары ұсынатын шарттар әлдеқайда тиімді болып тұрғанда, өз жинағын қайда сақтағанды өзі шешетін салымшылардың таңдауына шектеу болуы да мүкін», – деп пайымдайды ҚҚҚ сарапшысы Рамазан Досов

Көршілерде жағдай қандай? 

Ресейде валюта және қаржы нарығы біршама дамыған. Бұл елде валюталық өтімділік, банкаралық несиелер, своп операцияларын, шетел валютасын орналастыратын құралдардың көптеген түрі кеңінен қолданылады. «Сонымен қатар, бұл құралдарды пайдалану мерзімі де әртүрлі: бір күннен бастап, бірнеше жылға дейін өзгеріп отырады. Бұдан бөлек, көрші мемлекетте валюталық жинағы бар әлеуетті қарыз алушылардың ауқымы айтарлықтай кең. Бұл құралдар қатаң корреляция тудырып, отандық және шетелдік нарықтағы тарифтерді FED мөлшерлемесіне жақындатады», - деді Юрий Миронов.

Жергілікті қор нарығында да көптеген құралдар бар, бірақ олар отандық қаржыгерлер арасында танымал емес. Атап айтқанда, KASE мәліметтері бойынша, мамырда валюталық своп нарығындағы сауда-саттық көлемі 21,8%-ға, яғни  2,36 трлн теңгеге дейін төмендеді. Бұдан бөлек, қазіргі кезде биржада KASE индексінде, доллардың теңгеге қатысты курсына және жекелеген акциялар бойынша фьючерстер қолжетімді. «Осы нарықта сауда жасау үшін бізге маркетмейкерлер мен валютмейкерлер қажет. Банктер валюта сауда-саттығы бойынша маркетмейкер болғысы келмейді. USD / KZT фьючерс жұбына қатысты айтар болсақ, оған Ұлттық банк келсе, жақсы болар еді.  Егер ҰБ  бұл нарыққа келсе, банктер де тартылатын еді. Өкінішке қарай, олай болып тұған жоқ»,– деді Қазақстан қор биржасы Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Ұлттық банктің депозиттеріне орташа мөлшерлемесі 1,99 пайызды құрайтын банкаралық несие балама болар еді, бірақ бұл нарық  та қатты құбылып тұрады. «Банкаралық несиелеу көлемі тұрақты және бірқалыпты емес. Мәселен, биыл бұндай операциялардың шарықтау шегі қаңтар айына сай келіп, $26,1 млн құраған еді. Алайда наурыз мен сәуір айларында валютада банкаралық несиелеу мүлдем болған жоқ», – деп тұжырымдайды Сергей Полыгалов.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

d1fHAmG5BPI.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций