Перейти к основному содержанию

1937 просмотров

Коронавирус Қытай тауарларының беделін түсіріп жатыр

Қазақстан Қытай өнімдерінсіз өмір сүре ала ма?

Фото: из открытых источников

Қазіргі таңда бүкіл әлемнің назары Қытайдағы эпидемияда. Соңғы мәлімет бойынша коронавирусты әлемде 60 386 адам жұқтырған, 1370 адам қаза болған, 6 мыңға жуығы айыққан. Осы ретте, адамзатты не істеу керек, деген сұрақ толғандыруда.

Гонконгтың бас эпидемиологы,  профессор Габриэль Люн «Уханннан шыққан Covid-19 коронавирусы қарқынды тарауын тоқтатпаса, әлем халқының 60 пайызына жұғып, 45 миллионнан аса адамның өмірін қиюы мүмкін», - деп мәлімдеме жасады. 

Бұл ретте, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейус: «коронавирустың Қытайдан тыс жерде тарауы «мұзтаудың басы». Вирустың әлемге таралу ықтималдығына дайындалу үшін барлық мүмкіндікті пайдалануға шақырамын», - деді. 


Әлемнің дамыған және дамушы елдері қазірде Қытайдан сәлемдеме алуға, импорт, экспорт қатынасын дамытуға күдікпен қарап, жүрексініп отыр.

Әсіресе, Қытаймен тығыз байланыстағы ТМД елдері үшін Қытай нарығынан келетін тауарлардың тасқыны ойлантып-ақ тұр. Қазір Армения, Өзбекстан, Грузия елдері ішкі нарығында өнім тапшылығын тудырмауға жанталасып, өзін-өзі қамту үшін түрлі шаралар ойластыруда.

Ал Қазақстан Қытай өнімдерінсіз өмір сүре ала ма? Қытайдағы вирус одан әрі өршіп, Қытайдан жеткізілетін тауарлар саны одан әрі қысқарса, ішкі нарықты немен толтырамыз? 

Сәуір болмай тәуір болмайды... 

Отандық мамандардың пайымдауынша, Қытай соңғы 15 жылда Қазақстанға қыстың уақытында жеміс-жидек, көкөністі молынан жеткізіп отырған ел. Мандарин, апельсин, лимон, бұрыш, баклажан, қырыққабат тағы басқа көкөніс пен жеміс атаулыны қыс мезгілінде біз Қытайдан тасимыз.

Бұған қатысты экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметованың айтуынша, біздің нарықтағы қымбатшылық әлі өседі. Тек сәуір айында ғана жағдай тұрақтала бастайды. 

Сарапшының айтуынша, қараша айынан сәуір айына дейін Қытай елі Қазақстанды жеміс-жидек, көкөніспен қамтиды. Ішкі нарыққа келетін көкөністердің 60 пайызын біз Қытайдан аламыз.  Ал қазіргі жағдайда Қытайдан тараған вирусқа байланысты транзиттік тасымалға белгілі бір шектеулер қойылды.

Еуропа елдерінің біразы Қытайдан тауар алмаса, біраз елдер Қытайға өз өнімдерін бермей жатыр. Импорт, экспорт қатынасы азайған Қытайдың өзіне қазір 3 млрд халқын асырау қиынға соғады.

"Болашақта Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда тасымалы азаюуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде бізде Қытай тауарлары азайып, сөрелер босап, өнім бағалары қымбаттап жатыр. Енді көкніс, жеміс-жидекке қатысты бұл жағдайдан тек сәуірде ғана шыға бастаймыз. Сәуір айында отандық жылыжай өнімдері жемісін беріп, оңтүстік аймақтағы кәсіп иелері саудаға еккен өнімдерін шығара бастайды. Міне, сол кезде нарықта өзі өнімдеріміз пайда болып, өнім бағасы да біршама түсіп, жағдай тұрақтала бастайды»,- дейді Тоғжан Шаяхметова. 


«Вирус жеңіледі» деп отыра беруге болмайды

Жалпы, отандық мамандардың пайымдауынша, «Қытай алпауыт ел, медицинасы дамыған ел - «вирусты жеңеді» деп отыра беруге тағы болмайды. 

Мәселен, қазір Армения Қытайдағы жағдайға байланысты кәсіпкерлеріне арнайы жеңілдіктер жасау жоспарын құрып отыр.  

Бұл ретте, Арменияның үкімет басшысы Никол Пашинян:

«Қытайдағы коронавирусқа байланысты отандық кәсіпкерлерге монополистер тарапынан қысым көрсетілмеуін қадағалау керек. Кәсіпкерлердің жарық, су, газға төлейтін коммуналдық төлемдерін төмендете тұру керек. Қажет болса, салықтық жеңілдіктер қарастыру жағын да ойластырған жөн», - деп үкімет мүшелеріне тапсырма берді. 

Бұған қатысты экономист-ғалым Жаңабай Алдабергеновтың айтуынша, Қазақстандағы дистрибьюторлық желіде кейбір супермаркеттерде Қытайдан келетін азық-түліктер 35-40 пайызды құрайды. Бұл арада әңгіме көкөністерге емес, азық-түліктерге қатысты. Міне, осы Қытайдан азық-түлік, техника әкелетін саудагерлерге  жасалатын салықтық жеңілдік. Оларға кедендік салық бойынша жеңілдіктер берсек, тауарлар мен өнімдерді қымбаттатпауға кепілдік болар еді.

«Қазір Қазақстан бойынша Қытайдан келетін өнімдер 10-15 пайызға қымбаттап жатыр. Саудагерлер шекарадағы шектеулерді, өнімдердің тапшылығын, салықтық төлемдерді алға тартып әкелген заттарын қымбаттата қояды. Ал бұдан қарапайым тұтынушы қатты зардап шегеді. Сондықтан біздің тиісті инстанцияларға да арнайы жоспар құрып, қымбатшылықтың алдын-алуды ойластырған жөн», - дейді сарапшы. 

Біреуге жалынышты болғанша, қағиданы өзгерту керек

Негізінде, мамандардың байыптауынша, бізге Қытайдан немесе көрші Өзбекстаннан, Қырғызстаннан өнім сұрағанша, алдымен, ішкі нарықтағы біраз келеңсіздіктерді реттеп алу қажет. Ол үшін экономист-ғалым Жаңабай Алдабергенов алға тартып отырғандай, келесі жайттарға назар аударған жөн:

А) Біріншіден, тауар бағасын өсіруге бірден-бір әсер ететін дүние жемқорлық қадам. Оларға кедендегі, жол үстіндегі және басқа да тексеруші құрылымдардағы заңсыз алым-салықтарды жатқызуға болады. Мұндайға кеткен шығынын кәсіпкерлер тауар бағасына үстеме қосып, шығарып алуға тырысады. Міне, бірінші кезекте бағаның шарықтауына осы бастау болады. 

Ә) Екіншіден, мемлекеттік монополиялардың аздығы. Бұл ретте,  өнім шығаратын жекеменшік ірі компаниялардың монополиясына тәуелдігі ойлантуы тиіс. Мәселен, мұнай өнімдерін сатудың жекелеген топтарға мүдделі болуы. Олардың бір-бірімен текетіресіп, бәсекелестерін болдырмау үшін нарықтан орын бермеуі бізде әбден өршіген.  Мұның соңы, мұнай өнімдерінің бағасын қымбаттатып отыр. Қазір әлемдік нарықта мұнай арзан болғанымен, бізде жанар-жағармай бағасы қымбат. Ал бұл жанармай қымбаттаса, барлық тауардың бағасы көтеріледі деген сөз. Міне, бізге екінші осы мәселені шешуге тырысқан абзал. 

Б) Үшіншіден, табиғи газ, жарық, су нарығының жекеменшікке өтуі. Бұл нарықта делдалдардың көптігі көгілдір отын, су, жарық бағасының шектен тыс қымбаттауына жол беріп отыр. Газ тасымалдау инфрақұрылымы дамымағандықтан, кейбір өндіріс орындары қымбат бағаға газ енгізеді. Оны енгізіп алғаннан кейін, ай сайынғы төлейтін бағасы да қымбат. Өнім шығару үшін не керек: газ керек, жарық, су керек. Сонда коммуналдық төлемге қымбат ақы төлеп отырған кәсіпорынға «тауарыңды арзанға сат», деп қайтіп айта аламыз?!

Сондықтан бұл да шешімін табуы керек дүние. 

В) Төртіншіден, агросекторда бәсекенің төмен болуы. Бұл салада өнім сақтайтын қоймалардың жоқтығы, биржалық сауда түрінің кемшіндігі, мемлекет тарапынан бөлінетін көмектің дұрыс бөлінбеуі тауар бағасына әсер етіп отыр. Жыл басынан бері ет пен сүт бағасының екі есеге қымбаттауы осының анық айғағы. Агро-өнім өндірушілерге бақылау жоқ. Бақылау болса да қолдау жоқ. Сосын, олар да нарықты бағдарлай алмай, «тек пайдаға шықсам болды», деп өнім бағасын қымбаттата береді. 

Г) Бесіншіден,  мемлекеттік сатып алу жүйесінің жетілмеуі, тендер өткізудегі заңсыздық. Мемлекеттік ведмоствалық кәсіпорындардың астыртын монополия құруы. Мемлекеттен бөлінген қаржының 97%-ын осындай кәсіпорындар алады. Тендерді тамыр-таныстық жайлаған. Бұл да нарықтық экономиканың заңына қайшы дүние. 

Экономист-ғалым Жаңабай Алдабергенов айтып отырғандай, осы бес бағытта бақылауды мықтасақ, қымбатшылық пен тапшылықты қалай тежейміз деп уайымға салынбайтын едік. 

«Сондықтан алдағы уақытта тиісті инстанциялар  бірінші кезекте осы мәселелерді ескергені жөн», - деді маман.
 
 

banner_wsj.gif

466 просмотров

Теңгені еркін айналымға жіберудің ақыры не болмақ?

Сарапшылар мұның екі қыры бар екенін айтады

Фото:shutterstock.com

Кеше, 16 наурыз күні Ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберіп, ұлттық валютаны бақылауды толықтай тоқтатты. Осылайша, бірнеше миллион (бәлкім, миллиард) долларға шығындану арқылы теңге курсын тұрақты етіп ұстап тұру тәсілінен бас тартып отыр. Еске салсақ, 16 наурыз күні еліміздің валюта айырбастау бекеттерінде доллар курсы 460-490 теңгеге дейін шарықтап кеткен болатын. 

    Осы жағдайға орай Ұлттық банк өзінің ресми сайтында мынадай мәлімдеме жасады. 

«Қазіргі сәттен бастап жаңа іргелі жағдайларды ескере отырып, Ұлттық Банк еркін бағам белгілеу және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниеттеніп отыр. Ұлттық Банк ішкі қаржы нарығындағы жағдайды бұдан әрі тұрақтандыруға қажетті құралдарға ие. 

Қажет болған жағдайда, сыртқы сектор тарапынан теріс салдарларды тежеу үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлескен және үйлестірілген шаралар қабылдануы ықтимал. Ұлттық Банк жағдайға мониторинг жүргізуін жалғастыруда және іргелі факторлардың қолданылуын көрсетпейтін және қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайларда бағам ауытқуларын реттеу құқығын өзіне қалдырады. 

Әлемдік экономикадағы ахуал нашарлаған жағдайда баға тұрақтылығын, елдің валюта нарығындағы және қаржы нарығындағы жағдайды ұстап тұру үшін қосымша шаралардың қабылдануы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2020 жылғы 27 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланатын болады» делінген хабарламада. 

Ұлттық банктің ойынша, доллар курсын бір межеде қинап ұстап тұру елдің алтын валюта қорының едәуір азаюына әкеліп соқтырмақ. Тиісінше, мұндайдан соң ел экономикасы әлсіреп кетеді.

Экономист Қасымхан Қаппаровтың айтуынша, бұл жағдайда Ұлттық банктің қолынан ештеңе де келмейді. Бәрі әлемдік нарықта сәт сайын құбылып жатқан мұнай бағасына тікелей тәуелді. 

    «Менің ойымша, бас қаржылық қадағалаушы теңгені 450-500 курсында ұстап қалуға тырысады. Бірақ алдағы бір ай көлемінде мұнайға байланысты ахуал өзгермейтін болса, яғни баға барреліне 40 доллардан төмен болса, онда Ұлттық банктің тұрақтылықты сақтап қалуы екіталай. Ондай жағдайда олар тағы да еркін айналымға жіберуге мәжбүр болады. Ондай жағдайда бір доллар 600 теңгеден сатылуы мүмкін. Өйткені Ұлттық банк өткен аптада курсты бақылап, миллиардтаған долларын жойып жіберді. Ал еркін айналым, бұл – мәжбүрлі қадам. Бүгін Тоқаев 90 миллиард доллар бар деп айтты. Бірақ оның 60 миллиарды – Ұлттық қордың активтері. Ол қаржыны курсты реттеу үшін тікелей пайдалана алмайды. Тағы 20 миллиард – алтын қоры. Ал қазір алтын бағасы да құлдырап жатыр, нарықта сұраныс аз. Ал артылған 9 миллиард – соншалықты көп қаржы емес», - дейді сарапшы. 

    Ал телеграмдағы TENGENOMIKA каналы теңгені еркін айналымға жіберудің оң және теріс тұстарын атап көрсеткен. 

    «Теріс тұсы»: 
    
1.    Қысқа мерзімді инфляциялық өсім; 
2.    АҚШ доллары және еуромен қызмет көрсететін үкімет және жеке секторлардың сыртқы қарыздарының өсуі; 
3.    АҚШ доллары бойынша әл-ауқат көрсеткіштерінің төмендеуі; 
4.    Нағыз ақшалай табыс көлемінің қысқаруы; 
5.    Ақша массасы мен банктық салымдарын долларландырудың уақытша өсімі. 

«Оң тұсы»:

1.    Еркін жүзетін теңге курсының қалыптасуы; 
2.    Нарық пен халықтың девальвациялық қорқынышының азаюы; 
3.    Ұлттық банктегі алтын валюта қорының сақталуы; 
4.    Ішкі нарықтағы тұтынушыларға жұмыс істейтін кәсіпорындар мен экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру/қолдау; 
5.    Теңгеге лайықталған бюджет табыстарының тұрақтылығын арттыру; 
6.    Нерезиденттер үшін теңге активтерінің тартымдылығын арттыру. 

Экономист Мақсат Халық теңгенің күн санап құлдырауын, сондай-ақ базалық мөлшерлеменің көтерілуін халық үшін жайсыз жағдай деп бағалайды. 

«Өткен аптада АҚШ Федералды резервтік жүйесі қысқа мерзімді өтімділікті 1,5 трлн. АҚШ долларға беруді және кеше кезектен тыс доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесін 0-0,25% дейін төмендетіп, экономиканы қолдау және мүмкін құлдырау салдарын азайту үшін жалпы сомасы 700 млрд. АҚШ долл. бөліп, сандық жеңілдетілген (QE - quantitative easing) бағдарламаны жариялады.
АҚШ Федералды Резервтер Жүйесі үй шаруашылығын және бизнесті несиелендіруді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жұмысбастылықты және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық құралдарын қолдануға даярлығын мәлімдеді.Ал бізде керісінше базалық пайыз 12-ге дейін көтеріліп отыр. Ол дегеніміз үй шаруашылығы мен бизнеске берілетін несиелдердің қымбаттап жатқанын көрсетеді. Қазір короновирустың елімізде пайда болуына байланысты жасалған төтенше жағдай бизнестің табысын ортайтып отыр, олардың бүгінге дейін алып отырған несиелерін төлеуге байланысты коникул жарияланса игі еді.Сондай-ақ бизнес үшін арзан ақшаның төмен пайызды несиенің қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет. Ал азаматтардың теңгенің құнсыздануына байланысты ортайып жатқан жалақыларын өсіру қажет, әйтпесе халықтың төлемқабілеттілігі төмендеп барады» деп жазады ол әлеуметтік желідегі парақшасында.


17 наурыздағы көрсеткіш бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 9,84 пайызға құлдырап, барреліне 30,56 доллардан саудаланған. Ал WTI мұнайы 6,42 пайызға төмендеп, 30,06 доллардан сатылған. Сауд арабиялық Saudi Aramco мұнай компаниясы 30 доллардың олар үшін өте қолайлы баға екенін, сәуір айында экспортталатын мұнай көлемін 12,3 млн баррелге жеткізетіндерін мәлімдеді. Ал Kurs.kz сайтының дерегі бойынша, 17 наурыз күнгі орташа теңге бағамы – 9:30-дағы көрсеткіш бойынша 434.86 болып тұр. 

 


 
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif