Елімізде күнкөріс шегінің өлшемі өзгерді

Жарияланды (жаңартылды )
Көрсеткіш бір жылда 11,6%-ға артқан

2020 жылғы қаңтарда күнкөріс шегінің жан басына шаққандағы орташа өлшемі 30 мың теңгеге жетіп, бір жылда 11,6%-ға артқан. Өткен жылғы тиісті мерзімде ол сома 26,9мың теңгені құрап, жылдық өсім 4% болған-ды. Бұл турасында Finprom.kz хабарлайды.

Осы орайда, ағымдағы жылғы қаңтарда тауарлар мен қызметтер бағасы өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда, 5,6%-ға артқан. Оның ішінде, азық-түлік тауарларының бағасы 9,2%-ға, азық-түлік емес тауарлары — 5,2%-ға, ақылы қызметтерге —1,4%-ға артты.

прожиточный минимум-1.png

Күнкөріс шегінің неғұрлым үлкен өлшемі әдеттегідей, Маңғыстау облысының үлесінде: 35,4 мың теңге — бұл орташа республикалық деңгейдегіден 18% жоғары. Көшбасшылардың үштігіне Нұр-Сұлтан (33,5 мың теңге) және Алматы (33,1 мың теңге) қалалары кірген, бұл өңірлерде күнкөріс шегінің өлшемі орташа республикалық мәннен тиісінше, 11,6% және 10,4% артық.

Аймақтардың топ-5-гін  Алматы және Түркістан облыстары тұйықтап тұр: тиісінше, 30,7 мың және 30,3 мың теңге. Жалпы, еліміз бойынша алты өңірде күнкөріс шегінің орташа өлшемі республикалық мәннен жоғары.

Күнкөріс шегінің неғұрлым төмен өлшемі Павлодар (26,3 мың теңге), Батыс Қазақстан (26,9 мың теңге) және Ақтөбе (27,2 мың теңге) облыстарында байқалады.

Естеріңізге салсақ, Қазақстандағы күнкөріс шегінің өлшемі базалық зейнетақы төлемі, мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылуға, мүгедек балаларды күтуге байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақылар сияқты әлеуметтік төлемдерге байланып қойған.

прожиточный минимум-2.png

Қаңтарда күнкөріс шегінің жалпы сомасындағы ет және балық өнімдері үлесінің 2019 жылғы 20,5%-дан 2020 жылғы 21,1%ға дейінгі  өсімі тіркелген. Күнкөріс шегі өлшемінің  8%-на дейін нан мен жарма өнімдерінің үлестері де ұлғайған.

орайда, сүт, май өнімдері мен жұмыртқаның үлесі 16,5%-дан 15,9%-ға дейін, ал ал жемістер мен көкөністер үлесі 8,2%-ға дейін қысқарған. Қанттың, шәйдің, дәмдеуіштердің  үлесі де 2,2%-дан 1,8%-ға дейін қысқарған. Ал азық-түліктерге жатпайтын тауарлар мен қызметтерге тиесілі үлес заң бойынша 45%-ды құрайды.

прожиточный минимум-3.png

Сондай-ақ оқыңыз