Перейти к основному содержанию

1 просмотр

Депутаттар фермерлерге қолдау көрсетуді өтінді

Осы мәселе көтерілген депутаттық сауал премьер-министрдің атына жолданды

Фото: Shutterstock

Мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған шараларының қызығын тек ірі кәсіпорындар көріп отыр. Премьер-министрдің атына сауал жолдаған депутаттар қолдау көрсетілетін нысандар қатарына агробизнестің шағын және орта нысандарын қосуды сұрайды. 

Палатаның жалпы отырысында  ҚР премьер-министрі Асқар Маминге  депутаттық сауал жолдаған мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев былай деді:
 

«Сізден шағын және орта фермерлерге және шағын инвестициялық жобаларға қатысты кемсіту болмас үшін, барлық субсидиялау ережелері мен несие беру бағдарламаларына тексеру жүргізуді; аймақтық және климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, шағын, орта және ірі бизнес өкілдеріне жеңілдікпен несие беру мен субсидияға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында субсидия мен қарыз алушыларға, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобаларға қойылатын талаптарды қайта қарауды сұраймыз». 

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің даму тарихына көз жіберсек, мемлекеттік қолдауға ие болған және әлі күнге дейін қолдау көріп келе жатқан бірқатар ірі бордақылау алаңдарының, агрохолдингтер мен агрокәсіпорындардың банкротқа ұшырап, қаржылық қиындыққа тап болғанын байқаймыз деп пайымдайды депутат.  

Әлтаевтың айтуынша, қазіргі уақытта асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, мал шаруашылығы өнімділігі мен сапасын арттыру қағидаларына сәйкес, бөлінетін субсидия тек ірі шаруашылықты қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, бір мезгілде 1000-нан аса мал бордақыланатын алаңдарға бөлінеді. Бір Түркістан облысын алсақ, мұндай 4-ақ орын бар.
Сондай-ақ, жылына 100 мыңнан аса ірі қара мал етін қайта өңдейтін кәсіпорындарға басымдық беріледі, алайда Қазақстанда олардың саны бірнешеу ғана. 

Сонымен қатар, депутат инвестиция салуда да субсидия тек ірі шаруашылықтарға (тәулігіне 50 тоннадан аса сүт өңдейтін кәсіпорындарға, 20 мың бас сиятын  мал бордақылау алаңдарына) бағытталғанын айтып өтті. 

Оның айтуынша, «ҚазАгро» АҚ  еншілес компанияларының несие беру бағдарламалары да ірі бизнеске бағытталған. 

«Алайда дәл осы шағын фермерлер өміршең, жаңа өзгерістерге тез әрі оңай бейімделеді. Әсіресе, дағдарыс кезінде де қаржылық жағдайы біршама тұрақты болады», – деп түйіндеді Н.Әлтаев.
 

607 просмотров

Халықтың инфляция жеп қойған ақшасын кім қайтарады?

Отандық өнім бағасының өзі 10-15%-ға қымбаттаған

Фото: ашық дереккөздерден алынды

2020 жылдың 1-қаңтарынан мұғалімдердің еңбекақысы 25%-ға, мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығы 35-50%-ға, әлеуметтік сала қызметкерлерінікі - 30 %-ға өсті. Сондай-ақ шәкіртақы мен зейнетақы көлемі де 800 теңгеге көбейді. 

Сол-ақ екен, елдегі азық-түлік өнімдері бірден 10-15%-ға шарықтап кете барды. Бастапқыда, мұны біз Қытай  эпидемиясының салдары, шекарадағы шектеу дедік. Бірақ  мамандар алға тартып отырғандай, елде отандық өнімдердің де бағасы қаңтар айынан бері қымбаттап шыға келген. 

Сала мамандарының пайымдауынша, нақ қазіргі қалыптасып отырған қымбатшылық жайғдайында халықтың табысына мардымсыз үстемақы қосылып отыр.

Экономист-ғалым Жаңабай Алдабергеновтың айтуынша, 10-15, 20-25 пайыздық үстемақы қосу халықты қымбатшылықтан құтқармайды. Мысалы, біздегі орташа еңбекақы көлемі 120 мың теңгенің айналасында.

 Ал енді санаңыз, қазір бір айға, ең аз дегенде, азық-түлік сатып алуға 60-70 мың теңге кетеді. Қала халқының төлейтін коммуналдық қызметақысы бар. Ауыл халқының жем-шөбінен бастап, отынуы-суына дейін қымбаттаған. Алдағы уақытта да қымбатшылықтың жалғаспайтынына қатысты ешбір инстанция кепілдік бере алмайды. 

«Біз қазір әлеуметтік аз қамтылған топтарға үлкен салмақ түсіріп отырмыз. Соңғы бес жылда халықтың ақшаны тамақтан үнемдеуі көп нәрсені аңғартады», - дейді экономист-ғалым. 

Сарапшының пайымдауынша, үкімет алдағы екі жылда сауатты шешімдер қабылдауы тиіс. Әсіресе, елдегі орташа еңбекақы мен ең төменгі күн көріс деңгейіне қатысты нақты шешімдер қабылдайтын кезең жетті. 

«Сондай-ақ халықтың зейнетақы қорындағы қаржысы да құнсызданып жатыр. Оны да мойындаған жөн. Депозиттерде жатқан қаржы да қазір құнсыз. Бірақ біздегі депозиттерге қосылатын үстеме пайыз өскен жоқ. Мұның барлығына қатысты нақты нақты шешімдер қабылдайтын кез келді»,- дейді Жаңабай Алдабергенов. 

Ол үшін маман айтып отырғандай, бірінші кезекте, келесі шаралады жүзеге асырған жөн:

  • халық тұтынатын азық-түлік себетінен бастап, орташа еңбекақы көлемі, күн көріс деңгейі қайта сұрыпталуы қажет;
  • үкімет монополистерге шектеу қоя білуі тиіс, тариф бағасын қолдан көтеруге, газ, жанар-жағармай бағасын, транзиттік қызметтерді орынсыз қымбаттатуға жол берілмеуі керек.

Үкімет өсірген еңбекақыны инфляция жеп қоймауы үшін, алдымен, осы іспетті шараларды орындауға мән беру керек, деген сенімде мамандар.
 

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

drweb_ESS_kursiv.gif