Перейти к основному содержанию

1 просмотр

Павлодардағы теміржол кластері жабылудың аз-ақ алдында тұр

Үш бірдей кәсіпорын өкілдері облыс әкіміне арнайы хат жолдады

Екібастұзда жылына 1 мың жиынтық бағыттамалық бұрма, 850 жиынтық темірбетонды брус және 2 млн 208 мың рельстік бекітпе шығаратын, мемлекеттік үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған үш кәсіпорынның тағдыры қыл үстінде тұр. 

Қыруар қаржы құйып, мыңдаған адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған өндіріс орындарына жұмысын тоқтатуға тура келетін сияқты. Бұл туралы «Проммашкомплект», «R.W.S.BINDING», «R.W.S.Concrete» компанияларының өкілдері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа жазған хатында баяндады. 

«Біздің кәсіпорындар Елбасының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылды. Осы уақытқа дейін 70 млрд. теңге инвестиция құйылып, жылына 4 млрд. теңге салық төлеп келді", - делінген хатта.

Хат авторларының айтуынша, үш компанияда, барлығы, 1100-ден астам адам еңбек етеді екен. Бірақ негізгі сатып алушылар – «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы мен оған қарасты мекемелер екіжақты ұзақмерзімді келісімшарт болғанына қарамастан, өткен жылдың екінші тоқсанынан бастап, тапсырыс беруді тоқтатыпты.

"Соның салдарынан, темірбетонды брустар, бекітілген бөлшектер, бағыттама құралдарының өндірісі тұралап қалған. Кәсіпорын басшылары Ооы уақытқа дейін бұл мәселені көтеріп, көпшілікке жария етпепті. Бірақ «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы 2020 жылға да тапсырыс бермеген соң, бұл жайтқа назар аудармасқа болмапты.

"Қазіргі кезде ұлттық компания біздің өнімдерді емес, Қытай, Ресей, Түркия, Украинада жасалған теміржол жабдықтарын сатып алып отыр. Бұл, өз кезегінде, екібастұздық компаниялар жұмысының тұралауына, сәйкесінше, мыңдаған адамның жұмыссыз қалуына әкеп соғуы мүмкін», - деп жазады хат иелері. 

Кәсіпорын басшыларының жанайқайын назардан тыс қалдырмаған аймақ басшысы Болат Бақауов өзінің инвестиция жөніндегі орынбасары Арыстан Қабыкеновке арнайы жұмыс тобын құрып, осы аптада аталмыш кәсіпорын қызметкерлерімен жүздесіп, ұлттық компания басшылығымен келіссөз жүргізуді тапсырыпты. 

Ал жұмысы тұралаудың алдында тұрған кәісіпорындардың еңбеккерлері демін ішіне тартып, әліптің артын бағып отыр.
 

395 просмотров

Uzbekistan Set to Buy Two More Spanish High-Speed Trains

New trains will link together the tourist centers of the country

Фото: Michael715 / Shutterstock.com

Two more high-speed Spanish-made trains might be bought by the O’zbekiston Temir Yo’llari (Uzbekistan Railroads) company.

Davron Dehkanov, deputy head of the Uzbekistani Ministry of Transportation, announced at an international press club meeting in Tashkent that the country is planning to buy two high-speed trains from Talgo in 2021.

“At the moment we are negotiating with the Spanish company. If we manage to make a deal, we can see these trains even this year, not 2021,” he said.

The agreement on the supply of Spanish AVE 250 trains was signed in 2019. In addition to two trains, the O’zbekiston Temir Yo’llari company will get four extra economy carriages as well as service equipment. This €57.5 million project is supported by the Spanish Fund for the internationalization of the company (FIEM), which provided a loan. 

High-speed Spanish Talgo trains have worked in Uzbekistan since 2011. Four trains go to Samarkand, Bukhara, Qarshi, and Shakhrisabz. As expected, this year a high-speed Afrosiyоb train will start to carriage tourists to ancient Khiva.

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

drweb_ESS_kursiv.gif