Коронавирус эпидемиясы Қазақстан экономикасына соққы болуы мүмкін

Жарияланды
Десек те Қазақстан сауда сальдосының жақсаруы ғажап емес

Қытайдағы коронавирус эпидемиясы көмірсутектілер бағасына болжамды қысым көрсету арқылы Қазақстан экономикасына соққы беруі мүмкін, деп есептейді Стратегиялық бастамалар орталығының аға әріптесі Олжас Құдайбергенов.

«Коронавирус бойынша жағдайдың одан ары нашарлауы Қытайдағы экономикалық ахуалдың нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін, ал бұл мұнай бағасының төмендеуіне әсер етеді. Әлбетте, бұл біз үшін жақсылық емес», – деді Құдайбергенов 31-қаңтарда Қазақстан экономикасы туралы  Дүниежүзілік банк баяндамасын талқылаудың қалтарысында.

Қытай соңғы жылдарда мұнай тұтыну бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынды тұрақты ұстап тұрған болатын, бірақ өткен жылғы желтоқсанда коронавирустың таралуының өршуі салдарынан, көптеген сарапшылар ел экономикасында құлдырау орын алады, деген болжам жасап отыр, сәйкесінше, мұнай тұтыну ад төмендейді.

ҚХР-дағы дерт өршуінің қазақстандық экономикаға әсері туралы пікір білдірген Құдайбергенов қандай бір қысқамерзімдік жағымды әсерорын алатын  болса, ол тек Қытайдан тасымалданатын тауарлар импортының төмендеуі бөлігінде болатынын атап өтті, ол ре спубликаның сауда сальдосын жақсартады.

«Алайда бұл қысқамерзімдік жағымды әсер. Жалпы алғанда, біз мұнай бағасының төмендеуі салдарынан көп дүниеден айырылып қалу қатеріне ілігеміз», – деді сарапшы.

Осымен бір мезетте, ол әлемдегі медицина деңгейі мұндай эпидемияларды жеткілікті мөлшерде тез жеңуге қабілетті деп санайды: оның бағалауы бойынша, бір-екі айдың төңірегінде коронавирус мәселесі «оқшауланатын және шешілетін болады».

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда жаңа тұрпаттағы  пневмониямен ауырудың 9 мың 692 оқиғасы тіркеліп, дерттің өлімге апарған 213 жағдайы орын алған. 

Сондай-ақ оқыңыз