Перейти к основному содержанию

533 просмотра

Тоқаев азық-түлік бағаларының өсуіне бақылаудың жоқтығы туралы мәлімдеді

Оның айтуынша, тұрақтандыру қоры нарыққа еш әсер етіп отырған жоқ

Фото: Shutterstock

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетауға жасаған жұмыс сапары барысында  баға белгілеуге тиісті бақылаудың жоқтығы туралы айтып берді.

«Көкшетауда, ең басты егінді аймақтардың бірінің астанасында, ұн бағасының өсімі шектен тыс көтерілген – 47%-ға дейін барған! Осылай, біздің халықтың нақты табысын көтеру бойынша атқарып жатқан шараларымыздың барлығы жоққа шығарылуда. Бұл баға белгілеуде тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді», - деді президент, деп жазды Twitter-де оның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы министрліктердің тек бағаның өсуін сөз қылып,  валюта бағамының құбылмалы болуына, ауылшаруашылығы жұмстарының маусымдық сипатта болуына сілтейтінін айтты. Экономика, ауылшаруашылығы  мен сауда және интеграция министрліктерінің арасында үйлесімдік жоқ.

«Әкімдер, өз кезегінде, бұл жұмысты өз бетімен жіберген. Тұрақтандыру қорлары азық-түлік тауарларының нарығына ешқандай тұрақтандыру әсерін тигізіп отырған жоқ. Бағаның межелі деңгейі бақылауға алынбаған. Менің тапсырмам орындалған жоқ», - деді сөзін түйіндеген ол.

565 просмотров

Халықтың инфляция жеп қойған ақшасын кім қайтарады?

Отандық өнім бағасының өзі 10-15%-ға қымбаттаған

Фото: ашық дереккөздерден алынды

2020 жылдың 1-қаңтарынан мұғалімдердің еңбекақысы 25%-ға, мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығы 35-50%-ға, әлеуметтік сала қызметкерлерінікі - 30 %-ға өсті. Сондай-ақ шәкіртақы мен зейнетақы көлемі де 800 теңгеге көбейді. 

Сол-ақ екен, елдегі азық-түлік өнімдері бірден 10-15%-ға шарықтап кете барды. Бастапқыда, мұны біз Қытай  эпидемиясының салдары, шекарадағы шектеу дедік. Бірақ  мамандар алға тартып отырғандай, елде отандық өнімдердің де бағасы қаңтар айынан бері қымбаттап шыға келген. 

Сала мамандарының пайымдауынша, нақ қазіргі қалыптасып отырған қымбатшылық жайғдайында халықтың табысына мардымсыз үстемақы қосылып отыр.

Экономист-ғалым Жаңабай Алдабергеновтың айтуынша, 10-15, 20-25 пайыздық үстемақы қосу халықты қымбатшылықтан құтқармайды. Мысалы, біздегі орташа еңбекақы көлемі 120 мың теңгенің айналасында.

 Ал енді санаңыз, қазір бір айға, ең аз дегенде, азық-түлік сатып алуға 60-70 мың теңге кетеді. Қала халқының төлейтін коммуналдық қызметақысы бар. Ауыл халқының жем-шөбінен бастап, отынуы-суына дейін қымбаттаған. Алдағы уақытта да қымбатшылықтың жалғаспайтынына қатысты ешбір инстанция кепілдік бере алмайды. 

«Біз қазір әлеуметтік аз қамтылған топтарға үлкен салмақ түсіріп отырмыз. Соңғы бес жылда халықтың ақшаны тамақтан үнемдеуі көп нәрсені аңғартады», - дейді экономист-ғалым. 

Сарапшының пайымдауынша, үкімет алдағы екі жылда сауатты шешімдер қабылдауы тиіс. Әсіресе, елдегі орташа еңбекақы мен ең төменгі күн көріс деңгейіне қатысты нақты шешімдер қабылдайтын кезең жетті. 

«Сондай-ақ халықтың зейнетақы қорындағы қаржысы да құнсызданып жатыр. Оны да мойындаған жөн. Депозиттерде жатқан қаржы да қазір құнсыз. Бірақ біздегі депозиттерге қосылатын үстеме пайыз өскен жоқ. Мұның барлығына қатысты нақты нақты шешімдер қабылдайтын кез келді»,- дейді Жаңабай Алдабергенов. 

Ол үшін маман айтып отырғандай, бірінші кезекте, келесі шаралады жүзеге асырған жөн:

  • халық тұтынатын азық-түлік себетінен бастап, орташа еңбекақы көлемі, күн көріс деңгейі қайта сұрыпталуы қажет;
  • үкімет монополистерге шектеу қоя білуі тиіс, тариф бағасын қолдан көтеруге, газ, жанар-жағармай бағасын, транзиттік қызметтерді орынсыз қымбаттатуға жол берілмеуі керек.

Үкімет өсірген еңбекақыны инфляция жеп қоймауы үшін, алдымен, осы іспетті шараларды орындауға мән беру керек, деген сенімде мамандар.
 

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

drweb_ESS_kursiv.gif