Өзбекстан электротехника экспортын ұлғайтады

Ол 4,3 есе артады

Фото: Shutterstock

Өзбекстан электротехника экспортын 4,3 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл үшін үкімет электротехника өндірісін жеделдетіп дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті.

Құжатта электр өнімдері өндірісінің көлемін арттыру бойынша және артынан оны сату жөніндегі қажетті шаралар тізімін қарастырылған. Үкімет жабдықтарды шығару қарқындылығын 2,7 есе, сондай-ақ электр техникасы өндірісіндегі мыс шикізатын өңдеуді 5 есе арттыруды көздеп отыр.

Бұдан бұрын «Курсив» Өзбекстанның ішкі электр нарығын дамыту жөніндегі жоспары туралы хабарлаған болатын. Өндірісті ынталандыру мақсатында 2019 жылғы 1-шілдеден бастап, республикада жергілікті өндірушілер үшін жаңа жеңілдіктер енгізілген болатын. Мәселен, мемлекеттік сатып алулар кезінде оларға 20%-ға дейінгі көлемде баға преференциясы (шартты жеңілдік) қолданылады

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg