Мемлекетке салық және экономикалық қылмыс бойынша қарыздарды кешіру ұсынылды

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Бұл шара еліміздегі экономикалық өсімді 11%-ға дейін көтеруге мүмкіндік береді

Мемлекет бизнестің салық және экономикалық қылмыстар бойынша қарыздарын, кәсіпкерлерге қойылған тиісті қаржылық талаптардан бас тарта отырып, кешіруге баруы керек, деп есептейді Стратегиялық бастамалар орталығының аға әріптесі Олжас Құдайбергенов.

«Жаңа экономикалық саясат ескі істерде тежеліп қалмас үшін, бұл кедергіні алып тастаған жөн, мемлекеттің талаптары бар салықтар, экономикалық қылмыстар бойынша барлық қарыздарды белгілі бір шарттармен тіркеп, кешіру қажет, сөйтіп, барлық назарды жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағыттауға тырысқан жөн», – деді ол 20 қарашада ІІ стратегиялық бастамалар форумында.

Бұдан бөлек, Стратегиялық бастамалар орталығы дайындаған экономикалық жаңа саясатқа сәйкес, шенеуніктерге әрекеттердің біршама бостандығын беру ұсынылды.

«Мемлекеттік органдардың қызметкерлердің әрекеттеріне біршама бостандық беру қажет. Мәселе мынада, дамыған елдердің көпшілігінде мемлекеттік саяси қызметкерлер немесе, тіпті, орта буын басшылары бюджеттік шығындар бойынша ерекше бір процедураларсыз, өз қалауынша жұмсай алатын, белгілі бір лимиттерге ие. Жолдауда мемлекет халыққа ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге сеніп үйрену керектігі туралы айтылғанын ескерсек, бұл сол сенімді білдірудің бір көрінісі болады»,– деді Құдайбергенов.

Оның пікірінше, осыған ұқсас тәжірибені ұлттық компанияларға да енгізген жөн, оның ішінде сатып алулар тәжірибесі де бар.

Сонымен қатар, ол түрлі жобаларға халықаралық қаржы ұйымдарынан займдар алудан бас тартып, Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызын «нөлге шығаруды» ұсынды. Бұдан тыс, табысқа 1% көлеміндегі бірыңғай аграрлық салық енгізуді ұсынды.

Құдайбергенов осы және тағы басқа шаралар бірігіп, ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін, қазіргі 4% шамасындағымен салыстырғанда, 11%-ға дейін жеткізу керек деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз