Перейти к основному содержанию

644 просмотра

Қазақстанда тағы бір экономикалық аймақ құрылады

Ол Ақтөбе қаласының дамуына ықпал етуі тиіс

Фото: Shutterstock

Жалпы аумағы 700 гектарды алатын «Еуразия» арнайы экономикалық аймағы Ақтөбе қаласында 2044 жылға дейінгі кезеңге құрылады. Үкіметтің экономикалық аймақ құру туралы қаулысы ашық нормативті-құқықтық актілер сайтында жарияланған. 

«Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңы 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2044 жылға дейінгі кезеңге «Еуразия» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Еуразия» АЭА) құрылсын, – делінген жарияланған құжатта.

Аталмыш қаулы ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің қолы қойылған күнінен бастап, өз күшіне енеді.

«Еуразия» АЭА Ақтөбе қаласының аумақтық шекарасы шегінде орналасады және жалпы ауданы  700 гектарды құрайды.  Арнайы экономикалық аймақ Ақтөбе қаласын қарқынды дамыту, республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру, тиімділігі жоғары, оның ішінде, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін өңірді жедел дамыту мақсатында құрылады.

«Еуразия» АЭА территориясында: тамақ өнімдері, химия өнеркәсібі өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, өзге бейметалл минералдық өнімдері, металлургия өнеркәсібі, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары, компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі, сондай-ақ, электр жабдығы, басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар, автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіріс орындары  орналасады.   

2024 жылға дейін АЭА-ға жалпы көлемі 20 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған, оның 11,9 млрд теңгесі  – шетел инвестициясы. Осы кезеңге қарай, өндірілетін тауар мен көрсетілетін қызмет көлемі 2,3 млрд теңгеге жетуі тиіс. АЭА-да жалпы саны 1695 жұмыс орнын құратын 4 ірі компания жұмыс істейтін болады. 

Ал 2044 жылға дейін кезең-кезеңімен 144,9 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Оның 69,5 млрд теңгесі – шетелдік инвесторлардың қаражаты. 2044 жылға дейін арнайы экономикалық аймақта өндірілетін тауар мен қызмет көлемі 15,2 млрд теңгені құрап, аймақта 12 мың жұмыс орнын ашатын 26 компания жұмыс істеуі керек. Ал жергілікті өнім көлемі 85 пайызға жетеді деп жоспарланған. 

banner_wsj.gif

Коронавирустың кесірінен дүние жүзінде 25 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Бұл жағдай Қазақстанды да айналып өтпейді

Фото:shutterstock.com

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жаңа болжамына сәйкес, COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық және еңбек дағдарысы кесірінен дүние жүзінде жұмыссыздардың саны 24,7 миллионға жетеді. Салыстыру үшін айтсақ, 2008-2009 жылдағы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде әлемдегі жұмыссыздар саны 22 миллионға жеткен деп жазады Finprom.kz.

Ұйымның болжамы бойынша, көбіне жоғары табыс табатын қызметкерлер жұмыссыз қалмақ. Жағдай аса қиындамаса 2,8 миллион адам қызметінен айырылуы мүмкін. Ал өте жағымсыз сценариймен өрбитін болса, әлемде 14,6 млн топ-менеджерлер жұмыссыз қалуы ықтимал. Ал ортадан төмен табыс табатын 2,8 млн адам, жалақысы ортадан жоғары 7,4 млн қызметкер жұмысынан шығып қалуы мүмкін. 

Жұмыс пен қызметтен шығу деген – күнделікті табыс көзінен айылу деген сөз. Халықаралық еңбек ұйымының есебі бойынша, оның көлемі 2020 жылдың соңына қарай 860 миллиардтан 3,4 трлн долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл өз кезегінде халықтың тұтынушылық қабілетін төмендетіп, бизнес пен экономикаға кері әсерін тигізеді. 

Сонымен қатар ұйым әлемдегі кедейлердің де қатары арта түседі деп болжам жасап отыр. ХЕҰ мәліметі бойынша, дүние жүзінде кедейліктің азабын тартатын адамдардың қатары 35 миллионға жетпек.  

COVID-19 тудырған пандемия Қазақстанның еңбек нарығына да кері әсерін тигізеді.

Айталық, карантин енгізілген соң тек Алматының өзінде кәсіпорындардың қызметкерлер саны 266 мың адамға қысқарды. Дәл осындай жағдай жеке кәсіпте де байқалды. Олардың 80 пайызы өз қызметін тоқтатқан.  Бұл туралы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтқан еді. Осылайша, алдын ала есептеулерге сәйкес, төтенше жағдай шамамен 500 мың азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізген. Сондықтан мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42500 теңге жәрдемақы төлеуді тапсырған болатын. Жалпы алғанда бұл көмекті еліміздің 1,5 млн тұрғыны ала алады. 

Осы ретте «Жұмыспен қамту жол картасы» да елдегі іскерлік белсенділікті қолдау мен жұмыспен қамтудың тағы бір тетігі болуы тиіс. Оған 300 млрд теңге қаражат қарастырылған. Аймақтардан түскен өтінімдердің негізінде бұл қаржы 1 трлн теңгеге жетуі мүмкін, ол өз кезегінде 250 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Жалпы алғанда Үкімет дағдарысқа қарсы шараларға 4,4 трл теңге немесе 10 млрд доллар қаржы жұмсамақ. 

2019 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда 441,4 мың жұмыссыз тіркелген, ал жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрағанын айта кетейік. 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз жастар саны 81,1 мың адамға жеткен. Ал осы тоқсанның көрсеткіші бұл санды басып озары анық, тек мемлекеттік қолдау ғана еңбек нарығындағы жағдайды біршама жақсартуы ықтимал. 

Мәселен, 27 наурызда өткен брифингте Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Данияр Әлкебайұлы Алматыда бір күннің ішінде 400 адам жұмыссыз ретінде тіркелгенін айтып өтті.

Жұмыссыз қалған халық күнкөріс көзін іздеуге мәжбүр. Соңғы күндері "Google " іздеу жүйесінде «Қазақстандағы жұмыссыздық, жәрдемақы» тақырыбындағы ақпаратты іздестіру соңғы 5 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткішке жеткен.  Сонымен қатар «доставка», «жұмыс» деген сөздер де 22-28 наурыз аралығында іздеу жүйелерінде ең көп жазылған. 
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif