Перейти к основному содержанию

bavaria_x6_1200x120.gif


1004 просмотра

ТОП-10: 2018 жылы Қазақстан экономикасына әсер еткен оқиғалар

Өткен қаржылық жыл несімен есте қалды? 

Фото: shutterstock.com

Бұл жылдың негізгі оқиғалары: Қазатомөнеркәсіптің IPO-ға шығуы, жасырылып келген ауқымды проблемалық  несиелердің есептен шығарылуы, Қазкоммерцбанк пен Халық банктің бірігуі, 3 банктің лицензиясынан айырылуы еді. Әсіресе, 2018 жылдың екінші жартыжылдығы маңызды экономикалық және қаржылық оқиғаларға толы болды.

2018 жыл жағымды да, жағымсыз да өзгерістерімен есте қалмақ. Мемлекет бұл жылы әлеуметтік салаға, ТҮКШ мәселелеріне басымдық беріп, тұрғын үй бағдарламалары қабылданып, әлеуметтік салық төмендеді. Сонымен қатар, ауыр шаруашылығында да атқарылған шаруалардың қарасы мол. Ресей рублі құнсыздануының соңын ала қазақстандық теңгенің әлсіреуі де ҚР экономикасына өз әсерін тигізді.

Өткен жылды сарапшылар банк жүйесін Қазақстан экономикасының дамуындағы рөлінің төмендеуімен сипаттайды.

Банк секторының қарыз қоржыны өткен жылдың қазан айының аяғында 2016 жылғы – 33 пайыз бен 2017 жылғы – 26 пайыздан тұрақты түрде азая отырып, ЖІӨ-нің 23%-ын құрады.

Halyk Finance сарапшыларының пікірінше, бұл жағдай экономикадағы құрылымдық мәселелердің сақталуы, ШОБ саласының әлісіздігінен шикізаттық сектордың басымдыққа ие болуы, банк жүйесіндегі ішкі мәселелердің қордалануы, БЖЗҚ-ны қоса алғанда, мемлекеттің экономикадағы үстемдігі (68 пайыз)  салдарынан қалыптасып отыр.

Қазақстанның қаржы секторындағы негізгі оқиғалар

1. Қазақстанның жаңа Салық кодексі күшіне енді

2018 жылдың 1 қаңтарынан  көптеген оңды өзгерістер мен түзетулер енгізілген жаңа Салық кодексі қабылданды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтып өткендей, жаңа салық саясаты адал салық төлеушілерді қорғауға, экономиканың түрлі салаларын ынталандыруға және әкімшілік басқаруды жеңілдетуге бағытталған. Орта және шағын бизнестің дамуы үшін тіркелген шегерім пайдаланылатын арнайы салық режимі енгізілген. Жаңа салық режимі салық салынатын табыстың 30 пайызын растамай-ақ шегеруге мүмкіндік береді. Бизнес өкілдері бұл режимді мына жағдайда пайдалана алады: жылдық табыс көлемі – ең төменгі жалақының 12 260 еселеген мөлшерінен  аспауы тиіс (2018 жылы – 346,76 млн теңге) және жалдамалы жұмысшы саны 50 адамнан артық болмауы керек.

Патент бойынша да салық мөлшерлемесі  шекті табыс пен жұмысшылар саны бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимінде қарастырылған шекті сауда-саттық қызметін есепке алмағанда, салық салынатын нысандардың бәріне  2 пайыздан 1 пайызға дейін төмендеді. Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарна мөлшерінің 11-ден 9,5 пайызға азаюы есебінен әлеуметтік салық көлемі айтарлықтайкеміді.  

Салық төлемдерінің мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу мүмкіндігі, былайша айтқанда, «салықтық несие» енгізілді. Салық жүйесіндегі тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдірілді.  

«Хоум Кредит Банк» өкілдері жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістердің бірі – жеке тұлғаларды кешірім берешегі бойынша 10% табыс салығын төлеуден босату деп есептейді. Осы өзгерістің күшіне енуі қаржы институтын NPL-ге байланысты қосымша шығындардан құтқарып, бизнестің сапалы өсуіне, қажетті төлемдерді тұрақты төлеуіне мүмкіндік береді. 

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшыларының пікірінше, Кодекске 2018 жылдан бастап енгізілген түзетулер банктердің проблемалық портфельмен жұмыс барысындағы  салықтық жүктемесін айтарлықтай жеңілдетті. Банк өкілдері, жеке табыс салығынан босатудан басқа, ашық аукционда сатылатын мүлік құнының 3 пайызына тең аукциондық ақы жойылды деп атап өтті.  

2. «7-20-25» бағдарламасы бекітілді

2018 жылдың 31 мамырында ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен азаматтардың тұрғын үй алуына қолайлы шарт ұсынатын «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй әлеуметтік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама алғашқы нарықтағы жаңа үйлерден пәтер сатып алуға бағытталған. Несиенің негізгі шарттары: несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан, бастапқы жарна тұрғын үй құнының  20%-нан аспайды, несиені төлеу мерзімі – 25 жылға дейін. Қарыз алушылар қарыз беру мен қызмет көрсету үшін комиссия төлемейді. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау и Шымкент қалалары үшін тұрғын үйдің шекті құны – 25 миллион теңге болса, басқа аймақтар үшін – 15 миллион.  

 
Halyk Finance инвестициялық банк сарапшыларының пікіріне сүйенсек, «7-20-25» бағдарламасы өзге мемлекеттік бағдарламалардың ішінде біршама жеңілдіктерге ие және ипотекалық несиелеуді мемлекеттік қолдау тұрғысынан алғанда ең негізгі бағдарлама болып тұр. Қаржы институтының өкілдері, экономикалық тұрғыдан алғанда, «7-20-25» нарықта үлкен өзгеріс әкелмейді деп тұжырымдайды. Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі ипотекалық несиелердің көлемі шамамен 2 пайызға тең, тіпті кейінгі 5 жылда ипотекалық портфель көлемі екі есе өскен күннің өзінде, ЖІӨ-нің 3 пайызын ғана құрайды. 
Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі ипотекалық несиелердің қазіргі үлесі Ресей және Белоруссиямен салыстырғанда 3 есе төмен, ал жалпы ішкі өнімінің 40-60 пайызын ипотекалық несие құрайтын Германия, Норвегия сынды экономикасы дамыған елдердің жанында, бұл тіптен мардымсыз көрсеткіш.  

Нәтижесінде, аталмыш бағдарламаның, шарттарын есепке алмасақ, өзге мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардан, атап айтқанда, «Нұрлы жер» бағдарламасынан аса үлкен айырмашылығы жоқ.  

Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, мемлекеттің белсенділік танытуы коммерциялық банктер ұсынатын, бірақ субцидияланбайтын  коммерциялық ипотеканы бәсекеге қабілетсіз қылып, оған деген қажеттілікті жойып отыр, осылайша нарықтық қарым-қатынас тетіктері бұрмалануда.  

3. ҚР Ұлттық банкі негізгі мөлшерлемені 9 пайызға дейін азайтты

2018 жыл ҚР Ұлттық банкінің негізгі мөлшерлемесі 10,25%-дан  9,75%+/-1% дейін төмендеуімен басталды. Мөлшерлеменің азаюына инфляция көрсеткішінің төмендеуі және сыртқы нарықтағы шикізаттың, соның ішінде мұнай бағасының оңтайлы қалыптасуы әсер етті. Ұлттық банк негізгі мөлшерлемесінің төмендеуі елдегі ақша-несие саясатының жұмсаруының нышаны еді. 2018 жыл бойына негізгі мөлшерлеме 10,25 пайыздан 9 пайызға дейін төмендеді. Ал 2018 жылдың 16 қазанында Ұлттық банктің шешімімен негізгі мөлшерлеме көлемі 9,25 пайызға дейін көбейтілді. Ұлттық банк басшысы  2018 жылы қарашаның аяғында «Қазақстан экономикасындағы инфляциялық дәліз кең және 2019 жылы инфляция осы дәліз шегінен шығып кетуі де мүмкін» деп мәлімдеді. Осылайша, мемлекеттік ақша-несие саясаты қатайып, негізгі мөлшерлеме келер жылы да көтерілуі мүмкін.  

Halyk Finance сарапшысы Станислав Чуевтың болжамы бойынша, 2019 жылы ҚР ҰБ негізгі мөлшерлемесі пайыздың төрттен бір бөлігіне дейін төмендеп, жыл соңында 9 пайыз деңгейінде қалыптаспақ. «Қазақстандағы инфляция деңгейі Ұлттық банк бекіткен 4-6 пайыз дәлізінен аспайды. Алайда, 2018 жылдың күзінде рекордтық деңгейде қалыптасқан инфляциялық болжам салдарынан бірінші жартыжылдықта Қазақстан экономикасына инфляциялық қысым болуы мүмкін» деп атап өтті сарапшылар.  

4. «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды

 2018 жылдың 5 шілдесінде Astana Finance Days  Халықаралық қаржы конференциясы аясында, ЕАЭО аймағы мен Орталық Азиядағы ең ірі қаржы қызметін ұсынушыға айналуы тиіс «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ресми түрде ашылды.   

Орталықта ағылшын коммерциялық құқығы мен  Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай сынды әлемдік әйгілі қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген жеке, арнайы құқықтық юридикция енгізілген. АХҚО-да халықаралық арбитраждық орталық, АХҚО биржасы және  коммерциялық, азаматтық дауларды қарайтын тәуелсіз сот жұмыс істейді. Шетелдік сарапшыларға  жеңілдетілген виза режимі, тіркеу, жұмыс істеуге рұқсат алу және басқа да қызметтерді ұсынатын бір терезе жүйесі бар экспат-орталық жұмыс істейді.  

 Өткен жылдың желтоқсанында АХҚО-да Қазатомөнеркәсіптің IPO-сы өтті. Оған дейін Астана халықаралық қаржы орталығы биржасы алаңында 3,75 пайыз мөлшерлемесімен 2028 жылғы дейін жабылуы тиіс 525 млн еуро көлемінде еурооблигациялар орналастырылған.  

5. ҚКБ мен Халық банктің бірігуі аяқталды

2018 жылдың 28 шілдесінде Қазақстан Халық банкі мен Казкоммерцбанк ең соңғы табыстау актісіне қол қойды. Қол қойылған құжат Қазкоммерцбанктің бүкіл мүлкін, барлық құқықтары мен міндеттерін Халық банкіне өткізу және елдегі екі ірі банк бірігуінің аяқталуын заңды  тұрғыда рәсімдеу еді. 

«Біз келіссөз  жүргізуден бастап, Қазкоммерцбанк акцияларын сатып алу алдындағы кешенді қаржылық тексеріс шаралары, мәмілеге қол қою, ең соңында екі банктің бірігуіне дейінгі 1,5 жылға созылған үлкен үрдісті аяқтадық. Халық банкі мен Қазкоммерцбанкті бірыңғай технологиялық платформаға көшіруге бағытталған барлық шаралар кестеге сай, толық аяқталды, – деп атап өтті Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова. 

 Қаржы институты баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк клиенттерінің қанағаттану индексі Қазкоммерцбанкпен бірігу басталған кездегі  77%-дан 85%-ға дейін өсті, байланыс орталықтарындағы қызмет көрсету жылдамдығы 1,5 есеге артып, 30-дан астам онлайн-қызмет іске қосылған. 

Бүгінгі күні біріккен банк балансы 8,46 триллион теңгені құрайды, бұл елдегі банк секторы активтерінің 34,5% -на тең. 

6. Цеснабанк Ұлттық  банктен қысқа мерзімді қарыз алды

2018 жылдың тамызында Цеснабанк қосымша өтімділік қорын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банктен 150 млрд теңге немесе 407  млн доллар көлемінде қысқа мерзімді қарыз алды. 

Банк 2018 жылдың 5 қыркүйегінде 100 миллиард теңге немесе 270 миллион АҚШ доллары шамасындағы қарыздың бір бөлігін қайтарды. Қысқа мерзімді несие банктің меншікті қаражаты есебінен өтелді. Қаржылық мекеме таяу болашақта сыйақысымен бірге, қарыздың қалған бөлігін өтеуге ниетті. 

Естеріңізге сала кетейік, «Цеснабанк» – 2017 жылы қаржы секторын сауықтыруға қатысқан банктердің бірі және 100 млрд. теңге мөлшерінде 4% кірістілігі бар тәртіптелген облигацияларды 15 жыл мерзімге орналастыру жолымен жеңілдетілген қаржы алды. 

2018 жылдың қыркүйегінде Ұлттық Банк Төрағасы Цеснабанк туралы өз пікірін білдірді. «Цеснабанк» АҚ жағдайын Ұлттық Банк үнемі бақылауда ұстайды. Банк барлық пруденциалық нормативтерді орындап отыр»,–деп атап өтті ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. 

Ұлттық Банктің басшысы «Цеснабанк» АҚ-ның акционерлері банктің жеке капиталын айтарлықтай өсіріп, жаңа басшылық тағайындағанын айтып өтті. Сондай-ақ, Банк «Проблемалық несиелер қорына» 450 млрд. теңге көлемінде ауыл шаруашылығы несиелері портфелінің айтарлықтай бөлігін сату бойынша келісім жүргізіп жатыр. 

7. Үш банкті жабу туралы шешім шығарылды

Ұлттық банк 2018 жылдың III тоқсанында үш банктің:  Qazaq banki, Астана Банкі мен Эксимбанктің лицензиясы жойды. 

Данияр Ақышевтің сөзіне сүйенсек, аталған үш банктің лицензиясынан айырылуы өзге қаржы институттарына ешқандай қауіп-қатер төндірмейді. Лицензияларынан айыру туралы шешім банктердің пруденциялық нормативтер мен реттеушінің басқа да талаптарын орындамауына байланысты шығарылған. Банктердің үшеуі де депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары, сондықтан салымшылар өз салымдарының тағдырына қатты алаңдамаса болады.  

Halyk Finance сарапшыларының пайымдауынша,  аталмыш банктердің актив көлемінің нарықтағы үлесі болмашы ғана, сондықтан, олардың нарықтан кетуі Қазақстан банк секторына, әсіресе, ел экономикасына елеулі әсер етпейді.  

Ұлттық банк өкілдерінің пікіріне сүйенсек, жоғарыда аталған банктердің банкроттығы, бір жағынан – қаржы ұйымдарының әлсіз тәуекел-менеджменті мен корпоративтік басқаруының нәтижесі. Алайда, реттеушінің өзі осындай қатаң шараларды қолға алуы секторды сауықтыру мен күйзелісті активтерден тазалау басталғанын байқатады.  

«Жалпы алғанда, сауықтыру шаралары Қазақстан банк секторының алдағы уақыттағы дамуына серпіліс беруі тиіс деп»,– тұжырымдайды Ұлттық банк өкілдері. 

Алайда, бұл банктердің банкроттығы туралы ақпарат, әсіресе, Астана банкінің басқыншыл маркетингтік саясаты, сондай-ақ, Ұлттық банк тарапынан аталмыш банктердің ары қарайғы тағдырына қатысты жайлы шешімінің ұзаққа созылуы – осының барлығы халықтың жалпы банк жүйесіне деген сеніміне селкеу түсірді.  

8. Қазатомөнеркәсіп IPO-ға шықты

13 қарашада  қазақстандық ұлттық компания  Қазатомөнеркәсіптің  атышулы ІРО-сы жүзеге асты. Компания Лондон қор биржасына (LSE) – акциялар жиынтық пакетінің 15 пайызын, Астана халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) –5 пайызын орналастырды. Лондон қор биржасында орналастырылған ғаламдық депозитарлық кепілхаттың біреуінің (ҒДҚ)  құны – 11,60 доллар болса, АХҚО-дағы әр акция 4 343,85 теңгеге бағаланды. 

AIX-тағы  Қазатомөнеркәсіп  IPO-сы аясындағы жиынтық сұраныс ұсыныстан 1,5 есе артық болды. AIX-тағы жергілікті ұсыныс аясындағы сұраныс  $64,3 млн құрады. ІРО-ға жалпы 49 шетелдік және 16 отандық заңды тұлғалар мен 2700 Қазақстан Республикасының азаматтары қатысты.  

2018 жылдың 11 желтоқсанында Қазатонөнеркәсіптің қарапайым акцияларымен сауда-саттық Қазақстан қор биржасының қайталама нарығында басталды.  

9. Қытайлық ТНК СМС  «СарыарқаАвтоПромды» сатып алды

2018 жылдың 11 желтоқсанында «Сарыарқа АвтоПромды» қытайлық көршіге сату туралы ірі келісімге қол қойылды. Қостанайлық автоөндірушінің 51% акциясы СМС трансұлттық компанияның қарамағына өтті. Инвестиция көлемі –  $1,1 млрд шамасында. Бірлескен кәсіпорында  Howo, Hanteng, JAC, Ankai сынды автокөліктерді шығару жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде кәсіпорын Hyundai, Chevrolet, Peugeot сынды автокөліктерді шығарады.  

2019-2011 жылдары өндіріс көлемін 100 мың автокөлікке дейін көбейтіп, отандық үлес көлемін 50 пайызға дейін арттыру көзделген. 

Бірінші вице-премьер Асқар Мәмин атап өткендей, бұл стратегиялық нысан саланың даму қарқынын арттырып, сыртқы нарыққа шығуға бағытталған экспорттық әлеуетін көтереді.  

10. Kcell 75% акциясы «Қазақтелекомға» сатылды

2018 жылдың 12 желтоқсанында «Қазақтелеком» Telia Company және  Fintur Holdings BV компанясымен  Kcell акцияларының жиынтық пакетінің 75 пайызын сатып алу туралы шартқа қол қойды.  Бұл акциялар «Қазақтелекомға» 446 миллион долларға түсті. Аталмыш мәміле жекешелендіру бағдарламасы аясында  SPO-ға шығатын «Қазақтелекомның» тартымдылығын атттыруы мүмкін.   

«Қазақтелекомның» Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев бұл мәміле қазақстандық абоненттердің тарифіне әсер етпейді, керісінше, тұтынушылар сапалы қызметке молынан қол жеткізеді деп сендірді.  


5314 просмотров

Бозумбаев: «Казахстан ждет предложения по строительству АЭС из 5 стран мира»

В начале апреля президент РФ Владимир Путин предложил построить в Казахстане атомную электростанцию по российским технологиям

Фото: Shutterstock.com

Казахстан намерен сопоставить технико-экономические предложения по строительству АЭС на своей территории от компаний из пяти стран мира, сообщил 9 апреля министр энергетики Канат Бозумбаев.

Во время визита президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в Россию в начале апреля этого года президент РФ Владимир Путин предложил построить в Казахстане АЭС по российским технологиям. Позже минэнерго РК сообщило о возможности строительства такой станции в Алматинской области, что вызвало полемику в обществе как относительно самой возможности строительства атомной станции, так и относительно строительства ее по российским технологиям.

«Хочу сказать, что работа по возможному строительству АЭС в Казахстане ведется последние 7-8 лет, на сегодня мы находимся на этапе, когда была разработана часть ТЭО, это маркетинговый анализ. В соответствии с этим ТЭО 5 странам были разосланы предложения, письма, чтобы они дали свои предложения, 5 компаниям из этих стран», – сказал Бозумбаев журналистам в кулуарах заседания правительства.

Он не назвал все эти компании, сообщив только, что речь идет о структурах из США, Франции, Кореи, Китая и России, уточнив, что в числе этих пяти компаний находится и «Росатом». По словам главы минэнерго, все эти пять компаний дадут свои технико-экономические предложения, включающие использование тех или иных технологий, а также экономические параметры потенциальной АЭС.

«Это нужно, чтобы в дальнейшем мы могли учитывать такие данные в своих расчетах, но хочу четко сегодня сказать – никакого решения о строительстве АЭС в Казахстане нет. Мы еще находимся на этапе изучения этого вопроса», – подчеркнул Бозумбаев.

Он напомнил, что в Казахстане работают не только над проектами атомной станции: предполагается строительство крупной парогазовой установки в Шымкенте, а также модернизация ТЭЦ-2 в Алматы и перевод ее на газ с увеличением мощности производства электроэнергии.

«Предполагается строительство ряда гидроэлектростанций, поэтому это нужно вкупе рассматривать. Никакого решения нет, но в соответствии с прогнозом электрической мощности до 2030 года в Казахстане ожидается, если не вводить станции, о которых я сказал, дефицит электрической энергии, потому что потребление электроэнергии каждый год растет», – продолжил министр.

По его словам, в любом случае стране «какие-то» дополнительные мощности к 2030 году придется вводить в эксплуатацию.

«Если все же правительство примет решение о строительстве АЭС, то оно будет принято гласно, прозрачно, только после соответствующих консультаций путем общественных слушаний с участием населения страны», – заключил глава минэнерго.

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Министр образования и науки Куляш Шамшидинова считает, что выпускные вечера школьников не должны выходить за территории школ и уж тем более, превращаться в состязания дорогих нарядов и пышных застолий. Согласны ли вы с ее мнением?

Варианты

Цифра дня

900 000
тенге
примерная сумма каждого потребительского кредита казахстанцев

Цитата дня

В эти дни я получаю много писем от наших граждан, для которых оказалось неожиданным мое решение остановить свои полномочия. Некоторые сожалеют о моем решении. Даже получаю письма с предложением идти на новые выборы. Я благодарю за такое отношение и благодарен за доброе ко мне отношение, хочу низко поклониться и поблагодарить всех сограждан за такую любовь и такое отношение!

Нурсултан Назарбаев
экс-президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций

Home Credit Bank

Home Credit Bank