Перейти к основному содержанию
280 просмотров

Қапты ысырып қойып, бетперде тіге бастады

Павлодар қаласындағы «Нефтехим LTD» компаниясы осы істі қолға алды

Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметінен

Бұған дейін салмағы бір тоннадан астатын жүкке арналған үлкен қап тіккен «Нефтехим LTD» ЖШС енді негізгі жұмысты сәл кейінге шегеріп, бетперде тігуге көшті. Кәсіпорынның тігін учаскесінің шебері Жанар Диярованың айтуынша, мұнда тәулігіне шамамен 16 мың бетперде дайындалатын болады. 

«Елдегі соңғы ахуалға байланысты біздің компания да бетперде тігуге кірісті. Дайын үлгілерді «Мерусар и К» кәсіпорнынан аламыз. Бұл жұмыспен әрқайсысы 20 адамнан құрылған,  төрт ауысыммен жұмыс істейтін тігіншілер тобы айналысады. Әр тігінші бір ауысымда 800 бетперде тігіп шығарады деп жоспарланып отыр», - дейді Жанар Диярова. 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов «Нефтехим LTD» кәсіпорнының бұл іске араласуы нәтижесінде аймақта тәулігіне барлығы 25-30 мың дана бетперде дайындалып жатқанын атап өтті. «Мерусар и К» фабрикасындағы істен шыққан қондырғының бөлшектері жеткізілген соң тәулігіне 40 мың медициналық қорғаныс құралы тігіледі. 

«Дәріханалармен әр бетперденің бағасын 60-70 теңге көлемінде ұстап, бір адамға 5-10 данасынан артық сатпау туралы алдын ала келісімдер жасалды», - деді Сәкен Шаяхметов. 

Сонымен қатар, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында дезинфекциялық өнімдер шығаратын «БО-НА» ЖШС өнімділікті үш есеге дейін арттырды. Айталық, бұған дейін мұнда күніне 300 келі хлорлы таблеткалар дайындалса, енді оның жалпы көлемі 900 келіден асты. Аталмыш компанияның өнімдері бірінші кезекте жергілікті нарыққа жеткізіледі. 
 

banner_wsj.gif

"Бастау Бизнес" жобасына өтініш қабылдау басталды

Бизнес-жоспарын сәтті қорғаған қатысушылар мемлекеттен қайтарымсыз грант ала алады

Фото:shutterstock.com

Биыл кәсіпкерлік негіздері онлайн режимде оқытылады. Курсты жақсы аяқтаған тыңдаушылар мемлекеттен грант алу байқауына қатысуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Онлайн оқудан бөлек, биыл жобаға қатысуға өтініш беру шарты да өзгерген. Енді үміткерлер жобаға қатысу үшін өзінің тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгінуі керек, орталық үміткердің оқуға қатыса алатын тұлға санатына сәйкес келетін-келмейтінін анықтайды. 
 

 Жобаға  жұмыссыздар, ауылдық жер, қала, сондай-ақ моно және шағын қала тұрғындары, денсаулығы еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнет жасына  дейінгі 50 жастан асқан адамдар, жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер, аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері,  ауыл шаруашылығы кооперативтері, зәкірлік кооперацияларды қоса алғанда шаруа  қожалықтарының зейнет жасына жетпеген мүшелері, қоныс аударғандар мен қандастар қатыса алады. 

 Үміткер мәртебесі расталған соң, жұмыспен қамту орталығы оқуға жолдама береді.  Оқу жолдамасын алған соң, оқу тобына тіркелу үшін өңірлік  Кәсіпкерлер палатасына хабарласу керек.  

Жеке басты куәландыратын қажетті құжат көшірмесі және жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен қоса, өтінішті онлайн өткізуге болады. 

«Бейне сабақтарға рұқсат берілуі үшін сізге 15 сұрақтан тұратын тесттен өту керек. Оқу 12 модульден құралған 50 танымдық бейне сабақтан тұрады. Тыңдаушылар бейнесабақтар мен оларға берілген таныстырылымдарды мұқият меңгеріп алуы керек. Оқу процесінде жекелеген бейне сабақтардан соң тапсырмаларды сапалы орындап, тренерге тексеруге жіберу қажет. Барлығы 9 тапсырма беріледі. Әр тыңдаушыға оқу барысында ең кемі бір рет бизнес-тренермен жеке кеңес алу мүмкіндігі беріледі. Салалық сарапшылармен вебинарлар бекітілген кесте бойынша жүргізіледі», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов. 

Тыңдаушы оқу соңында берілген тесттен  12 балл жинаған соң, оған бизнес-жоспар конструкторы ашылады. Бизнес-жоспар балдық жүйемен бағаланады. 18 балл жиналған соң, қатысушы «оқуды аяқтағаны туралы сертификат» алады. 

 Егер тыңдаушы тест бойынша шекті балды жинай алмаса, сынақтан қайта өтуге 3 рет өтініш бере алады.

 Бизнес-жоспарды тексеру барысында қажетті  шекті балл жинай алмай қалса, тыңдаушыға «қатысқаны туралы сертифкат» беріледі. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 3 жыл. Осы уақыт аралығында бизнес-жоспарды қайта жазуға мүмкіндік берілген. 

 Кәсіпкерлік негіздерінің онлайн курсы 21 күнді құрайды. Тыңдаушылар оқуды ерте бітіре алады. 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png