Қазақстанда 40 мыңнан астам салық төлеушіге рақымшылық жасалынды

Олардың мойнындағы 6,5 млрд теңге айыппұлдар мен өсімпұлдардың күші жойылды

Фото:shutterstock

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов ОКҚ-дағы брифинг барысында шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған салық рақымшылығының қорытындыларын жариялады.

«Өздеріне қатысты салық рақымшылығы қолданылған слаық төлеушілердің жалпы саны 44397 құрады. Төленген берешектің сомасы 18,4 млрд теңгені, ал күші жойылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың сомасы 6,5 млрд теңгені құрады», - деп хабарлады Шолпанқұлов.
 

Алматыда салық рақымшылығын  ШОБ-тың 6513, Түркістан облысында  – 5169, в Алматы облысында – 5054, Нұр-Сұлтан қаласында – 3729 субъектісі пайдаланған.

Күші жойылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың ең үлкен сомасы Алматы кәсіпкерлерінің үлесінде – 1,1 млрд теңге, одан кейін Актөбе облысы – 1 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 0,8 млрд тенге, Қостанай облысы – 0,4 млрд теңге.

Салық рақымшылығына қатысқандардың көпшілігі сауда саласында жұмыс істейді – барлық қатысушылардың 75%, одан кейін қызмет көрсету саласы – 15% және ауыл шаруашылығы – 5%.

Шағын және орта бизнес үшін салық рақымшылығы туралы өзінің 2018 жылғы 5-қазандағы жолдауында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған болатын. Рақымшылық 2018 жылғы 1-қазанда орын алған берешектің негізгі қарыз өтелген жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдпардың күшін жоюды қарастырған болатын.

Кейінірек, 2019 жылғы тамызда Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер жөніндегі комитеті салық рақымшылығына жататын тұлғалардың ауқымын кеңейтті. Соның нәтижесінде, рақымшылықты салық тексерулеріне шағым түсіруге байланысты 2018 жылғы 1-қазанда берешегі жойылған кәсіпкерлер, сондай-ақ салық заңнамасы ережелерін бұзушылықты өз бетімен жоя білген салық төлеушілер де пайдаланды. 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg