Министр кәсіпкерлерді отандық ІТ-өнімдерді пайдалануға шақырды

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Қазақстандық стартап компаниялар 34 млрд теңге ивестиция тартқан

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанда жұмыс істейтін компанияларды  отандық IT-компаниялар әзірлеген өнімдерді пайдалануға шақырды.

«Барлық бинесмендерге қазақстандық ІТ-компаниялардың өнімін пайдаланыңыздар дегім келеді.  Бүгінгі көрме барысында баяндама жасаған Oracle, IBM сынды вендорлар бар. Әріптестер, сіздердің цифрлық тұрғыда дамып, түрленулеріңізге көмектесетін, тәжірибеде қолдануға болатын нақты шешімдер, өнімдер жеткілікті»,– деді министр Digital Samruk 2019 конференциясында.

Министрдің сөзіне сүйенсек, қазақстандық стаптап-компаниялар 34 млрд теңге инвестиция тартқан.

«Сонымен қатар Astana HUB  технопаркі туралы,  ол жақта біздің мамандар,  отандастарымыз  жасап жатқан инновациялық жүйелер туралы айтып өткім келеді. Біріншіден, Астана қаласындағы IT-hub пен инновациялық IT-экожүйе тұтас алғанда, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында, қазақстандық стартап-компаниялар 34 миллиард теңге инвестиция тартты. Соның ішінде 17 миллиард теңгесі – Astana HUB технопаркінде  тікелей тіркелген немесе осы жерде инкубацияланған компаниялардың еншісінде», – деді Жұмағалиев.

Сондай-ақ оқыңыз