484 просмотра
484 просмотра

Елорда тасымалдаушылары жол жүру ақысын 200 теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр

Олар қазіргі тарифтермен жұмыс істеу шығынға батыруда дегенді алға тартуда

Фото: Shutterstock

Нұр-Сұлтан қаласы автобус парктерін субсидиялау мәселесі қалалық Мәслихатта 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті талқылау барысында қаралды.

Елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баасқармасының өкілі Нұрлан Солтамбеков автобус парктерін субсидиялауға келесі жылы 4 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын хабарлады. 

Алайда бұл факті тасымалдаушылардың наразылығын тудырды, өйткені басқарманың тасымалдаушылар алдындағы қарызы 5,8 млрд теңгеден асып кеткен. 

«Жыл басынан бері бізде 1,8 млрд теңге қарыз жинақталып қалды. Соның салдарынан, біз жеткізушінің отын жеткізу конкурсынан өте алмай қалдық. Қазір солармен соттасуға мәжбүрміз. Қарыз салдарынан, автопаркте жанармай бір аптаға ғана қалды – дүйсенбіде ол бітеді», - деді №1 астаналық автопарк өкілі.

Тасымалдаушылар табыспен жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отырған тарифтерге шағымданды. 

«Автопарктегі жол жүрудің өзіндік құны 189 теңгені құрайды. Оның 66 теңгесін біз жолаушылардан аламыз, 33 теңгесін әкімдік субсидиялайды. Атап айтарлығы, біз жеңілдіктер мен қайта отыру салдарынан кірісімізден айырылып жатырмыз… Шығынды қысқарту үшін, жол жүру ақысын 200 теңгеге дейін көтеруді ұсынамыз», - деді сөзін нақтылаған ол.

Бұдан бұрын kursiv.kz, жолақысының төмен болуы салдарынан. орын алған қиындықтарға Ақтаулық тасымалдаушылардың шағымданғанын жазған болатын. Ол жақта 50 теңге сомасындағы Қазақстандағы ең төменгі жол жүру ақысы белгіленген, тасымалдаушылар оны 80 теңгеге дейін көтеруді жоспалап отыр.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook и Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер