Ұлттық банк Алматыдан көктемде көшеді

Опубликовано (обновлено )
Қалада тек оның өкілдігі қалады

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшкеннен кейін, қаржы саласымен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ерболат Досаев осындай мәлімдеме жасады. 

Ұлттық банктің қазіргі бас офисі (Коктем-3 мөлтек ауданы, 21-үй) ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу жөніндегі агенттіктің қармағына өтеді. 

«Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға ол жақтағы жұмыс орны дайын болуына қарай көшеді, алғашында жалға алынған бөлмелерде жұмыс істесек, кейіннен өз ғимаратымызды салатын боламыз. Бізді болжамымыз бойынша бұл 2020 жылғы көктемде жүзеге асады. Тиісті шешім қабылданған. Алматыда Ұлттық банктің өкілдігі қалады», — деді жағдайға түсінік берген ҚР Ұлттық банкінің басшысы.

Осы орайда, Ерболат Досаев халықаралық тәжірибеге жүгінді. Мәселен, Экономикалық даму және әріптестік ұйымы елдерінде барлық орталық банктер елдің астанасында орналасқан. «Тек федеративтік құрылымдағы екі мемлекеттен – Германия мен Австралиядан басқасында. Сондықтан Ұлттық банктің астанаға көшуі ерекше бір номенклатуралық құбылыс емес, бұл орталық банктер үшін қарапайым дүние», — деді еліміздің бас банкирі. 

Енді Ұлттық банк ақша-несие саясатын реттеуге ден қоятын болады.

«Үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс біздің қызметіміздің тиімділігін арттырады. Ұлттық банк қаржы қадағалау агенттігімен және қаржы қауымдастығымен үнемі байланыста болу үшін Алматыда өзінің тұрақты өкілдігінің болғанын қалайды», — деп сендірді Досаев мырза. 

Бұған қосарымыз, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29-нарызда Ұлттық банкке қаржы қадағалаудың жаңа органын құруды тапсырған болатын.

Читайте также