Перейти к основному содержанию


1 просмотр

Казахстанцы потратили 75,6 миллиардов тенге на покупку новых авто в феврале

Официальными дилерами было реализовано 8 143 автомобиля, что на 22,1% выше результата годичной давности

Фото: Shutterstock

Казахстанцы потратили на приобретение новых легковых автомобилей 75,6 миллиардов тенге ($200 миллионов), что на 44,6% превышает аналогичный показатель 2018 года. В течение отчетного периода официальными дилерами было реализовано 8 143 автомобиля, что на 22,1% выше результата годичной давности. Об этом сообщает «КазАвтоПром».

Сбыт по итогам февраля текущего года (4 041 ед.) превзошел прошлогоднее значение на 7,5%. Объем рынка в стоимостном выражении по результатам месяца достиг 37,1 млрд тенге ($98,3 млн), превысив показатель годичной давности на 27,1%. 4 639 покупателей (57%) остановили выбор на продукции казахстанских автозаводов, 3 504 автомобиля (43%) из числа реализованных по итогам 2 месяцев т.г. пришлось на импорт.

«Несмотря на нехватку ряда популярных моделей на складах дилеров, в феврале продажи новых автомобилей сохранились на высоком уровне. Наибольшую активность продемонстрировали покупатели автомобилей LADA: растущий спрос на линейку российского бренда обеспечил рост его рыночной доли до 30,9%. По результатам двух месяцев казахстанцы приобрели 8,1 тыс. новых легковых авто на сумму 75,6 млрд тенге. Расходы жителей республики на покупку легковой техники выросли год к году на 45%. Дополнительный импульс потребительской активности в ближайшее время обеспечит новый транш госпрограммы льготных автокредитов, выделенный правительством», - рассказал председатель совета директоров Союза предприятий автомобильной отрасли Казахстана «КазАвтоПром» Олег Алфёров.

Рейтинг наиболее востребованных казахстанцами брендов по результатам февраля возглавляет Lada: на территории республики продано 1 247 автомобилей российской марки. Сбыт моделей Toyota составил 817 единиц. Третью позицию занял Hyundai с показателем 694 реализованных автомобиля. Пятерку лидеров замыкают KIA (284 ед.) и Renault (175 ед.). В TOP-10 наиболее успешных марок вошли также Nissan (143 ед.),Volkswagen (133 ед.), Lexus (123 ед.), Chevrolet (58 ед.) и Skoda (55 ед.).

В рейтинге легковых моделей по итогам февраля лидируют Lada Granta (488 ед.), Lada 4x4 (347 ед.) и Toyota Camry (339 ед.). Замыкают ТОP-5 моделей Hyundai Tucson (335 ед.) и Lada Vesta (234 ед.). В первую двадцатку потребительских предпочтений вошли также Toyota Land Cruiser Prado (208 ед.), Hyundai Accent (199 ед.), Lada Largus (140 ед.), Hyundai Elantra (105 ед.), Toyota Hilux (105 ед.), Volkswagen Polo (102 ед.), Toyota Land Cruiser 200 (100 ед.), KIA Rio (98 ед.), KIA Sportage (95 ед.), KIA Cerato (60 ед.), Nissan Terrano (58 ед.), Renault Sandero (54 ед.), Renault Duster (53 ед.), Lexus RX (50 ед.), Renault Logan (50 ед.), Chevrolet Niva (45 ед.) и Nissan Qashqai (42 ед.).

Свой статус крупнейшей дилерской группы на рынке Казахстана существенно усилил холдинг БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО. По итогам февраля 40,5% всех покупателей новых легковых автомобилей остановили выбор на предложениях этой группы. 22,7% рынка пришлось на сбыт КМК Astana Motors. В десятку наиболее заметных участников казахстанского авторетейла вошли также Toyota City Алматы с долей 6,4%, Автомир (2,7%), Тойота Центр Жетысу (2,4%), Aster Auto (2,3%), Mercur Auto (2,2%), Allur Auto (1,7%), Тойота Центр Костанай (1,6%) и Лексус Алматы (1,4%).

Основную активность в приобретении легковых автомобилей по результатам февраля 2019 г. продемонстрировали жители городов Алматы (1 183 реализованных автомобиля), Астана (677 ед.), Атырау (294 ед.), Костанай (268 ед.), Караганда (254 ед.), Шымкент (240 ед.), Актау (168 ед.), Уральск (166 ед.), Актобе (144 ед.) и Усть-Каменогорск (134 ед.).


366 просмотров

Шымкеттіктер көлігіне арзан отын құямыз деп, қымбатқа жөндетуге мәжбүр

ТЖО-ға (СТО) келушілердің қатары соңғы айда 10-15 есе өскен

Фото: Shutterstock

Соңғы 1,5 айда көлік жөндеу орталығына келетін шымкенттік автокөлік иелерінің қатары 10-15 есе артқан. Көлігіне газ баллон құрылғысын орнатқан адамдарға үнемі фильтр ауыстырып, клапан тазалауға тура келіп тұр. Олардың арасында газ сапасына көңілі толмайтындары көп. 

Көлікке газ баллон орнату мен сервистік қызмет көрсетуге маманданған ТЖО-ның алдында күнделікті ұзын-сонар кезек қалыптасады. Техқызмет көрсету орталығының шеберлері соңғы 2 айда барлығының ауруы бір екенін айтады: көліктегі газ құрылғысы істен шыққан. Әншейіндегі 5-6 көліктің орнына мамандар күніне 50-80 автокөлік жөндеуге мәжбүр. 

«Машиналардың газ құрылғысы кетіп жатыр. Клапандары толып, редукторлары бітеліп қалған. Соңғы уақытта келетін газ сапасында кінәрат бар екені анық. Оны біз арнайы бақылап отырған жоқпыз, дегенмен, көлік иелері әртүрлі бекеттен газ құятындарын айтады. Біреуінде 2 ай бұрын сапасыз газ болса, енді бірінен жақында ғана сапасыз газ құйған. Бір бекетте ғана емес, көпшілігіндегі газ сапасыз», – дейді көлікке газ құрылғысын орнататын орталық директоры Николай Талганов.

Шебер сөзінің дәлелі ретінде қарамайға, не қою мазутқа ұқсайтын қоспадан сіңіп қалған бөлшектерді көрсетеді.

«Газ қызған кезде, одан шайырға ұқсас зат бөлінеді (бұл көлік газ құрылғысы автоматты түрде қосылғанда іске асатын технологиялық процестің бір бөлігі). Ол арнайы құралдармен тазаласаң да кетпейді. Автокөлік иелері осыған байланысты шағым түсірді ме білмеймін, бірақ бізге келіп кеийді. Орнатылған құрылғы сапасыз шығар дейді. Ал біздің кінәміз не?»– деп пайымдайды ТЖО директоры. 

Жөндеуден жөндеуге дейін

«Менің «Тайотамда» газбен «проблема». Бүріккіш пен фильтрін тазалаттым. Одан кейін күні бойы тек  400 шақырым жүргем, арғы күні көлік қайтадан оталмайды. Селкілдеп, жұлқи бастады. Жағармайға ауыстырсаң, бұның бірі де жоқ. Бірден оталады, жүрісінде де мін жоқ. Газ сапасыз шығар деген оймен, газ құйып жүрген бекетті де ауыстырдым. Бірақ бәрі қайталанып жатыр. Сосын көлігі газбен жүретін жігіттерден сұрасам, оларда да тура осындай жағдай екен: жөнейді, ары кетсе 3-4 күнне кейін, тағы құриды. Фильтр бітеліп, клапан мен редукторды тазалау қажет. Бұның бәріне уақыт, ақша керек. «СТО-да» жай тексергенінің өзі 5 мың теңге тұрады», – деп ашуланады Еркен Сүлейменов. 

Бұл қымбат көлік иелері үшін де үлкен шығын. Клапан тазалау 1000 теңгеден басталса, редукторды қайта жинау 15 мың теңге тұрады. Ал автокөлікке орнататын газ құрылғының орташа бағасы – 130 мың теңге.

«Клапанды бүгін тазалап бересің, ертесі ол толып қалғандықтан, қосылмай жатады», – дейді ТЖО шебері Владимир Шоков.– Ең бірінші редуктор істен шығады. Жаңасының бағасы – 35 мың теңге. Одан кейін бүріккіш пен сенсорлы бергіш кетеді. Бүріккіштің жаңасы 18 мың теңге тұрады, олар жөндеуге келмейді, тек ауыстыру қажет». 

ТЖО шеберінің ойынша, бұл ақаудың барлығы сапасыз газдың кесірінен болған.
 
Осы жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін Шымкент қаласындағы 22 жанар-жағармай бекеті мен үлкен сұйыққойманың иесі «Төле би автогаз» желісіне хабарласқан едік. 

«Қазіргі кезде сұйытылған көмірсутек газды сатумен айналысатын ешбір компания келетін газды тексермейді. Өйткені зертхана жоқ. Біз кіру тексерісін ұйымдастырсақ та, өндіруші зауытпен арнайы келісім-шартқа отырып, газдың құрамын бірге анықтауымыз керек. Біздің мекемеге келетін әрбір вагон-цистернаның сертификаты мен паспорты бар, ол жерде газдың құрамы толық жазылған», – дейді ЖШС-ның техникалық директоры Серік Битаев.
 
Ол сонымен қатар, мекеме тауардың сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылайтынын айтып өтті.
 
«Ілгекті арқау мен агрегат, ірі және ұсақ фильтрлер бар. Олар өнімділікті төмендетсе де, алмауға тырысамыз. Біз нормативтік және технологиялық құжат талаптарын қатаң ұстанамыз. Сұйытылған газ сақталатын әр қойманы төрт жыл сайын тексеруден өткіземіз, ішіндегі тат пен қағынан тазартамыз. 8 жылда бір рет гидравликалық сынақ жүргізіледі. Сұйыққоймадағы сұйытылған газ таусыла бастағанда, айталық, ыдыста 5 пайыз ғана отын қалғанда бұндай қалдықты жанар-жағармай бекеттеріне жібермеуге тырысамыз. Өз жанамай құю бекеттеріміздегі жұмысшылардан осыны талап етеміз», –деп атап өтті техникалық директор. 

Сұхбаттасушының айтуынша, өнімдерін ЖҚБ-ға жіберген кезде, газ таза және сұйыққоймаларының жағдайы жақсы екеніне кепілдік береді. Сонымен қатар, Шымкеттегі көптеген жанармай бекеттерінің сақтайтын қоймалары жоқ, сондықтан олар газды бірден сатады. Битаевтың сөзіне сенсек, аймақта сұйытылған газ жетпейді, сондықтан оны қосымша сатып алуға тура келеді. 

«Біз газды ШМӨЗ, ТШО мен Құлсарыдан аламыз. Кейде Павлодардан да келеді. Қалай бөлгендеріне байланысты. Кейде 2 мың тоннаға дейін ТШО-дан аламыз. Бұл – Қазақстандағы барлық нормативтік құжаттар мен талаптарға сай келетін ең сапалы газ», – деп түсіндірді ол. 

Десе де, автогаз құю бекеттеріне ТШО-дан газ қашан келетінін ашып айтпады. 

Жауабы жоқ сауалдар 

Ал сапасы көңіл көншітпейтін газ қайдан келіп жатыр деген сауалға жауапты «Курсив» Шымкент қалалық ТКШ және энергетика басқармасынан да таба алмады. Басқарманың бас маманы Бақыт Әбдікәрімовтың айтуынша, олар тек сатушылар сұраған көлемде жиынтық тапсырыс жасайды екен.
 
«Қазақстан территориясына сұйытылған газ тасымалдайтын, аккредитациядан өткен 13 мекеме бар. Біз хатты Энергетика министрлігіне жолдаймыз. Маусым айында 4 мың тонна сұйытылған газға тапсырыс бергенбіз. Ал шілде айына жалпы 4240 тонна газ қажет»,– дейді Бақыт Әбдікәрімов.

Маманның айтуынша, Шымкенттің энергетика басқармасына газдың сапасына көңілі толмаған автокөлік иелері хабарласпаған. Ал «басқарма газ сапасын қадағалай ала ма» деген сауалға: «Бізге қандай газ келеді? Біздің «ПетроҚазақстан Ойл Продактс», «Стандарт Петролеум», «ҚазМұнайГаз», «Голден Петролеум Трейд» сынды жеткізушілеріміз бар. Бұлардың барлығы қор иеленушілер. Шикізатты Шымкент мұнай өңдеу зауытына жеткізіп, өңдеп, дайын өнім түрінде алады. Біз өндірушілермен тікелей жұмыс істемейміз. Біз тек Шымкетке 4 мың тонна газ керек деп тапсырыс береміз, олар соны тиеп береді» деген жауап алдық. 

Шенеуніктің жауабынан түсінгеніміз, жергілікті жердегі мемлекеттік органдар келетін өнім сапасын тексеруді ойлап, бас қатырмайтын секілді. Газ сапасын өндірістегі сертификат мен паспорт беретін зертхана ғана тексереді. Ал көліктегі газ құрылғысын істен шығаратын сұйытылған газ қайдан келіп жатыр деген сауал әзірге жауапсыз қалып тұр.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций