Перейти к основному содержанию


2055 просмотров

Казахстан намерен удвоить производство автомобилей в 2019 году

В 2019 году начнется строительство завода Hyundai и будет создано совместное предприятие с ПАО «Камаз»

Фото: shutterstock.com

Казахстан произведет в 2019 году 60 тысяч автотранспортных средств по сравнению с 32 тысячами единиц в 2018 году, сообщил министр индустрии и инфраструктурного развития Роман Скляр.

«До конца года будет запущен завод по производству ферросилиция в Карагандинской области, завод по производству стальных спиральношовных труб в Алматы. В машиностроении мы планируем увеличить производство автотранспортных средств с 32 до 60 тысяч единиц. В рамках промышленной кооперации для нас приоритетными являются рынки Евразийского экономического союза», - сказал он на заседании правительства 26 марта.

«В текущем году мы начнем строительство завода по производству автомобилей «Хюндай», будет создано совместное предприятие с ПАО «Камаз», а также для передачи технологий по производству сельхозтехники будет налажено сотрудничество с заводом «Кировец», - добавил Скляр.

По его словам, с 2015 года в стране реализуется вторая пятилетка индустриализации, поэтому текущий год является завершающим ее годом.

«За 4 года реализации программы введено 480 проектов на сумму порядка 4,9 трлн тенге. Создано более 44 тысяч постоянных рабочих мест», - сказал Скляр, отметив, что проекты реализованы в различных отраслях.

На этом фоне доля обрабатывающей промышленности в ВВП выросла за этот период с 10,1% до 11,6%, а доля занятых – с 6,6% до 6,9%.

«По итогам 2018 года промышленность выросла 4,1%. Это стало возможным за счет опережающего роста обрабатывающей промышленности на 4%», - сказал министр, отметив, что основными драйверами роста стало машиностроение, химическая и легкая промышленность, нефтепереработка и металлургия.

Лидерами среди регионов стали Мангистауская, Восточно-Казахстанская, Западно-Казахстанская, Актюбинская область и Астана. В 2018 году в республике было введено в строй 102 проекта на общую сумму порядка 1,3 трлн тенге.

«В текущем году мы должны обеспечить рост обрабатывающей промышленности не ниже уровня 104%... Планируется ввести около 120 проектов на сумму 1,1 трлн тенге с созданием 120 тыс. рабочих мест», - сказал Скляр.


2402 просмотра

Қазақстанда номері шетелдік көлікті не үшін тіркемек?

Одан отандық авто өндірістің ұтары бар ма?

Фото: Shutterstock

Ішкі істер министрлігінің ЕАЭО елдері номерімен жүрген көліктерді міндетті тіркеу туралы ұсынысының астарында не жатыр? 

Жақында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Армения, Қырғызстан және Ресейден әкелінген, Қазақстанда тікрелмеген, шетелдік номерлі көліктердің қозғалысына шектеу қоюды ұсынды. Оның басты себебі –шетелдік номермен жүрген көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мүмкін емес екен. Алайда, «Курсив» тілдескен  сарапшылар мәселе басқада жатқанын айтады.

Іске аспаған жоспар 

Алматыдағы ТЖО-ның бірінде жұмыс істейтін автоэлектрик Руслан 5 миллионға жуық қаржы жинап, 1999 жылғы Subaru Forester көлігін жаңа машинаға ауыстыруға бел буған. Алайда шілде айында ақпарат құралдарынан ІІМ жоспарын естігелі бері, екі ойлы болып жүр. Біраз бұрын жаңа көлік сатып алу үшін Ереванға баратынына сенімді еді. «Мен бәрін есептеп қойған едім. Ескі көлігімді 2 миллионға сатпақшы болғам, клиент те табылып тұр. Ереванға баратын билетке 100 мың теңге кетеді. Ол жақта сенімхатпен 2018 жылғы 3,5 литрлік Camry көлігін 15 мың долларға сататын кісімен де келісіп қойған едім. Қайтар жолға 200 мың теңге кетеді, соның өзінде менде 2 мың доллардай ақша қалуы керек», – дейді Руслан. Автоэлектриктің айтуынша, Қазақстанда дәл осындай баға болғанда, көлік алу үшін Қырғызстан мен Арменияға баруды ойламас еді. 

«Өзіңіз де білесіз, тура сондай Camry бізде кемі 12,5 миллион теңге тұрады. Нсиеге алсаң, тіптен қымбат.  Ал trade-in менің ескі көлігімді бар-жоғы 1,5 миллионға бағалады. Ал өзімізден шығып жатқан көлікті алғым келмейді. Армениядан қарастырған көліктерімнен де қымбат, оның үстіне сенімсіз», – деп күйінеді бар жоспары бұзылған Руслан. Сондықтан ТЖО шебері еңбек демалысын қыркүйектің соңына шегеруге мәжбүр. «Осы уақытқа дейін армиян және қырғыз номерлері бар көліктерді тіркеу мәселесі шешілетін шығар деп ойлаймын. Ол қарапайым адамдардың мүддесіне орай шешіледі деп үміттенемін. Олай болмаған күннің өзінде,  адамдар бәрібір сапалы және арзан көлік әкелудің жолын табады», – деп тұжырымдайды Руслан. 

Жүйе жоқ жерде, тәртіп жоқ

Заңгер Сергей Злотниковтың ойынша, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа бұндай мәлімдеме жасаудың еш қажеті жоқ еді. «Бұндай мәлімдемені министрлер емес, мәжіліс депутаттары жасай алады. Атқарушы билік өкілдері нормативтік қаулыларға, құжаттарға, заңнамаға сілтеме жасай отырып сөйлеуі тиіс. Ал біздің көріп отырғанымыз – таза популизм». Заңгер оған қоса шетелдік номермен жүрген көлікті еш себепсіз тоқтату жол полициясы үшін қалыпты жағдайға айналғанын айтады. 

Заңгер шетелдік номермен жүрген көлікті тіркеу туралы ұсынысымен министр «отандық авто өндірістің мүддесін қолдап отыр» деген пікірмен келіспейді. «Армения, Қырғызстан немесе Ресейден әкелінетін көлікке кеден салығы мен утилизация алымын төлемей, есепке тұрғызу мүмкін емес. Ол көлікті кейін сата да алмайсың. Мүлдем тиімсіз дүние»,– дейді заңгер. Оның ойынша, мәселенің бәрі шетелден Қазақстанға кіретін көлікті есепке алу жүйесінің жоқтығында жатыр. Бұл ретте Сергей Злотников осы мәселені еш қиындықсыз шешуге болады деп тұжырымдайды. Бұл ретте полицей көлігіне арнайы бағдарлама  (ондай бағдарламалар АҚШ-та 30 жыл бұрын шыққан) орнатудан бастап, шекарадан өткен  шетелдік номерлі көліктің алдыңғы әйнегіне кіру мерзімі көрсетілген стикер жабыстыруға дейін түрлі нұсқаны қолдануға болады. 

Заң және көлеңкелі жүйе

Тағы бір заңгер Сергей Уткиннің министр жасаған мәлімдемеге қатысты көзқарасы бөлек. «2010 жылы өте үлкен кеден салығы енгізілді, одан кейін утилизациялық алым пайда болды. Азаматтардың заңды түрде сатып алған көлігін кеденнен өткізуі үшін үлкен қаражат керек. Қазақстанға шетелден көлік кіргізудің тоқтап қалғанына таңданар түгі жоқ. Ал жаңа көлік алуға халықтың 90 пайызының жағдайы келмейді. Өйткені өте қымбат! Сондықтан ескі көлік алады немесе көлеңкелі жолын іздейді», – дейді Сергей Уткин. 

Қазақстан азаматтары мініп жүрген шетелдік номерлі көліктердің өзін заңгер көлеңкелі жол деп есептейді. «Осыдан бірнеше жыл бұрын белгілі экономист Григорий Марченко заңгерлермен кездесу барысында «өмір заңға сәйкес келмесе, не істеу керек?» деп сұраған еді. Сонда заңгерлер «өмірді өзгерту керек» деп жауап берді. «Жоқ, заңды өзгерту керек» деген еді Марченко. Кедендік салық пен утилизация алымын енгізгелі бері, өмір мен заң мүлдем сәйкеспей қалды. ІІМ он мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған көлік туралы мәселе көтеріліп жатқанын ескеріп, заңға өзгеріс енгізуді ұсынған сияқты», – деп өз пікірімен бөлісті Сергей Уткин. 

Бұл ретте заңгер шетелдік номермен жүрген көліктерді міндетті тіркеуді енгізудің арқасында автокөлік иелерінің жартылай заңсыз көліктерін заңдастыруға мүмкіндік туады деп пайымдайды. Өйткені заңгердің айтуынша, ең құрығанда оларға уақытша қазақстандық номер берілуі тиіс.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Как вы провели или планируете провести отпуск этим летом?

Варианты

svadba.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций