Бұлтты бейнебақылау

Қарашада «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында  ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2020 жылғы 1-қыркүйекке қарай, Қазақстандағы орта білім беретін барлық оқу мекемелері бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етіледі деген уәде берген-ді. «Қазақтелеком» қазірдің өзінде барлық жерлерге бұлтты бейнебақылау жүйелерін енгізіп жатыр. Ол не үшін керек?
Председатель Правления АО «Қазақтелеком»

Қарашада «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында  ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2020 жылғы 1-қыркүйекке қарай, Қазақстандағы орта білім беретін барлық оқу мекемелері бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етіледі деген уәде берген-ді. «Қазақтелеком» қазірдің өзінде барлық жерлерге бұлтты бейнебақылау жүйелерін енгізіп жатыр. Ол не үшін керек?

Алдын алу шарасы

Барлық мектептерді, болашақта бала бақшаларды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау туралы шешіні не үшін қабылданғаны түсінікті: біздің мектептерде оқыс оқиғалар жиі орын алуда, осы жыл оқу мекемелерінің балаларды қорғау бойынша алдын алу шараларына мұқтаж екенін көрсетті. Қаскөйдің кім екенін анықтауға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ олардың алдын алуға қызмет етеді. Егер болжамалы қылмыскер немесе құқық бұзушы бейнебақылауға түсіп қалатынын алдын ала білетін болса, онда ол адамның мұндай қылықтан бас тартуы мүмкін деген үміт бар.

Бейнебақылаудың қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуы мүмкін екені туралы тезистің дәлелдемелері бар ма? 
Олар бар және біздің күнделікті өмірімізден алынып отыр. «Қазақтелеком» – Қазақстан үшін пилоттық Smart Aqkol жобасының операторы, ал бейнебақылау жүйесі сол жобаның бір бөлігі болып табылады. Міне, осы жүйе жұмыс істеген бір жыл ішінде түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтарының саны 20–50%-ға төмендеген. Өйткені енді бала бақша аумағында сприттік ішімдік ішу, аурухана аумағында шылым шегу немесе жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өту жазылады. Ал кейін ереже бұзушы жазаланатын болады.  

Жазадан құтылу мүмкін емес, өйткені ауқымды мәліметтерді өңдеуге қабілетті жасанды интеллект жүйлерімен біріктірілген заманауи бейнебақылау жүйелері қылмыскердің неме еқұқық бұзушының беп-әлпетін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге оның жеке мәліметтерін де анықтайды. Ал рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге келетін болсақ, жүйе басқа мәселені де ашып көрсетеді. Егер адамдар салынып жатқан айыппұлдарға қарамай, белгілі бір камера қойылған жерден жолды кесіп өтуді жалғстыра беретін болса, бұл жергілікті билікке сол жерге реттелетін жүргінші өткелін орнату керек екені туралы белгі береді.

Мектепте және оның маңында

Мектептерге қайта оралайық. Олардың қабырғасына бейнебақылау жүйелерін орнату, кем дегенде, кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасау қауіпін елеулі азайтады. Атап айтарлығы, сырттан келетіндердің тарапынан ғана емес: бізде оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдер арасында жанжалдар жиі орын алады, бұлардың соңғыларының атына балаларға тым қатал қарайды деген айыптаулар айтылып жатады (айтпақшы, бала бақшаларда мұндай оқыс оқиғалар одан да жиі орын алады).

Бейнебақылау жүйелері, әлбетте, мұндай жанжалдарды толық жоя қоймас, бірақ мектеп сыныбында немесе бала бақша тобында қандай жағдайдың орын алғанын алаламай, әділ анықтауға және ата-аналардың мұғалімге таққан айытауларының қаншалықты негізді екенін түсінуге үмкіндік береді. 

Білім беру мекемелеінде бейнебақылау жүйелерін орнату қажеттілігі күмән тудырмайды, мәселе келесіде, егер ол тек мектеп қабырғаларымен шектелетін болса, онда ол балалардың қауіпсіздігін мектепте ғана қамтамасыз етеді. Ал сабақ бітіп, оқушы мектеп ауласынан шығып, үйіне қарай бет алғанда, оның қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі? 

Қазан айында Көкшетауда дүкенге шыққан бала ашық тұрған кәріз құдығына түсіп кеткен. Баланың бақытына орай, қасында жүргіншілер болып, оны бірден құдықтан алып шыққан, бірақ қасында ересек адамдар болмағанда, оның жағдайы не болушы еді? Өкінішке қарай, балаларды осындай ашық қалған кәріз құдықтарынан тым кеш табу оқиғалары да болған, өйткені дала баласын іздеу аумағы өте ауқымды болатыны белгілі ғой. Ал бейнебақылау жүйесі осы іздеу аумағын тарылтуға, сөйтіп, осындай кезеңде шешуші рөл атқаратын уақыт ұтуға мүмкіндік береді.

Кейбіреулердің бұған қарсы уәж айтуы мүмкін: балалар ашық құдықтарға құламас үшін, олардың қақпақтарын түрлі-түсті металдарды қабылдайтын жерге өткізу үшін ұрлатпай, қадағалау керек дегендей. Бірақ, айналып келгенде, бұлардың барлығы бір-бірімен байланысты дүниелер: қазір көшелеріне учаскелер бойынша бейнебақылау жүйелері орнатылған қалалардың басшылығы қаланың  бейнебақылауға алынған жерлерінде қақпақтардың ұрланбайтынын мойындап отыр. Өйткені ұрының кім екенін бірден анықтауға болады. Есесіне, қала шетінде ұрлық өршіп түр, сондықтан қала шетіндегі қауіпсіздік мәселесін, шағын қалалардың қауіпсіздігі мәселесі сияқты, шешу керек. Міне, осы орайда ең дұрыс шешім – бейнебақылау жүйелерін орнату.  

Жазып алады және жадына сақтайды

Осы орайда, еске сақтайтын дүние, әңгіме тек балалардың қауіпсіздігі ғана емес, біздің жалпы қауіпсіздігіміз туралы болып отыр. Ашық кәріз құдығына тек бала емес, сондай-ақ ересек адамның да құлап кетуі мүмкін. Сараптау жүйелерімен қосарланған бейнебақылау жүйелері Қазақстандағы елді мекендердің қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар жәйлі тұрмысын қамтамсыз етуге қабілетті. Мәселен, бағдаршамдардағы көк түстің жану уақытын реттеу арқылы   қала көшелеріндегі кептелістерді жоюға болады. Немесе құбыр жарылғанда, су көшеге жайылып кетпей тұрғанда, қала қызметінің бригадасын апатты жедел жою үшін оқиға орнына жіберуге болады.

Міне, осы артықшылықтардың барлығына бүкіл қала немесе тұрғын үйдің жекелеген кіреберісі масштабында ие болуға болады: «Қазақтелеком» 2017 жылғы қыркүйектен «Бұлтты бейнебақылау» қызметін іске қосты. Қазіргі таңда республикада бұл қызметке 17 мыңға жуық кіреберістер қосылған, біз 4 мың тұрғын үй мен 250 мың үй қожалығына  34 мың бейнекамералар орнаттық. Атап айтарлығы, бұл қызметтің қымбаттылығы туралы аңыз, нағыз аңыздың өзі: бұл қызметтің жеке азаматтарға арналған құны не бары 350 теңгені құрайды. Ол аз болса, жеке азаматтарға қызмет кіреберістегі камераларға iOS/Android және video.telecom.kz веб-порталы базасындағы KT CAM қосымшасы арқылы  жетімділік берілдеі. 
Басқаша айтқанда, сіз өзіңіздің телефоныңыз арқылы тәулік бойы онлайн-режимінде өзіңіздің үйдің кіреберсіне кіріп шыққандардың барлығын көріп отыра аласыздар.

Міне, осы бейнежазбалардың барлығы Павлодардағы қауіспсіздігі  жоғары деңгейдегі Tier-III дата-орталықта сақталады, сондықтан егер құқық қорғау органдарына қажет болса, олар әрқашан қолжетімді, тіпті бейнежазбаны түсірген камераның өзі сынып қалса да. «Қазақтелеком» бейнекамералардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне, кейбір «білгіштер» айтатындай, айына бір-екі рет емес, күнделікті мониторинг жасап отырады Қазір біз Алматы әкімдігімен бірлесіп, қаладағы 201 мекптептегі, 82 медицина мекемелеріндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелерін орнатуды, сондай-ақ кіреберістерде орнатылған бейнебақылау жүйелерінің 4 244 камерасына қолжетімділікті қамтамасыз етубойынша ауқымды жобаны жүзеге асырып жатырмыз.

Сонымен қатар, ауқымды бейнебақылауды біз Ақтауда, Түркістанда және Арыста енгізетін боламыз. Міне, осының барлығы бізге Мәскеудегідей нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ресей астанасында «Безопасный город» бағдарламасын енгізіп, қазақтелекомдікіне ұқсас бұлтты бейнебақылау жүйелерін орнатқаннан кейін, пәтер ұрлығы 4,6 есе  төмендеген. Енді көзге көрінбей, пәтерге кіру мүмкін емес. Ал бұл бұлтты бейнебақылауды ұрлық жасалғаннан кейін емес, оған дейін орнату қажеттігінің тағы бір дәлелі. Өз елімізден тағы бір мысал, Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево ауылдан орнатылған бар-жоғы 100 камера қылмыс жасаушылықты 20%-ға төмендеткен.