Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық базасы жаңарады. Бұл жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысында айтты.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық базасын жаңартамыз. Оның арнайы техникасының, тікұшақтары мен ұшақтарының санын көбейтеміз»,- деді президент.
Мемлекет басшысы сонымен бірге Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылатынын, оның жер асты су ресурстарын барлау және қорғау жұмысымен айналысатынын айтты. Сонымен бірге ол табиғи ресурстарды сақтап, оған қамқорлықпен қарау маңыздылығына тоқталды.
«Қоршаған ортаның жай-күйіне бәріміз жауаптымыз, мұны естен шығармау керек. Қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялау қағидасын дәріптеген жөн. Менің бастамаммен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлтты...