26 сәуір күні еліміздің әр өңірінің ауа райы да әр түрлі болмақ.
Ұлытау облысы
26 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүруі мүмкін.
Жетісу облысы
26-28 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Қарағанды мен Ақмола, Шығыс...