22 сәуірде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак қатысты. Собчактың келуі интернет тұтынушылары мен қазақстандық журналистердің наразылығын тудырды. Жүргізушіге «ерекше жағдай жасалды» деген сын айтылды.
Судья Айжан Құлбаеваның сот шешімімен шеттетілген БАҚ өкілдеріне сот отырысына қатысуға рұқсат беруі де осы жайтпен тұспа-тұс келді.
Ксения Собчак сол күні Жоғарғы Сот арқылы аккредиттеу рәсімінен өткенін уәж қылып айтты. Бишімбаев соты туралы материалдарды әуел бастан жариялап келе жатқанын, қазақстандықтардың сынына толық жауап беретіні туралы телеграмда жазба қалдырды.
Көп ұзамай Ксения Собчак Қазақстан әйелдерін сыйлайтыны, олардың еңбекқор қасиетін, алға ұмтылатын ерекше ерік-жігерін бағалайтыны жайында...