Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасын дамыту бойынша 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы жобасын әзірледі.
Жобада сутегі энергетикасын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері қарастырылған.
Тұжырымдама бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта сутегіні өндіру мен пайдалануды ұйымдастыру мақсатында пилоттық жобаларды іске асыру, ғылыми әлеуетті дамыту, тиісті персоналмен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асады.
Сондай-ақ сутегі транспорты үшін қажетті инфрақұрылым, жанармай құю станциялары, сутегін электр энергиясын өндіруге пайдалана отырып, жергілікті энергетикалық жүйелерде энергия сақтау құрылғысы ретінде өндіру және пайдалану бойынша тәжірибелік алаңшалар құрылады.
Сутегі энергетикасы саласында бірнеше басым пилоттық жоба жүзеге аспақ:
Сутегі автомобиль және теміржол көлігінің тәжірибелік үлгісін жасау;
Көмірқышқыл газы шығарындыларынсыз сутегі өндірісін...