Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен Қуандық Қажкенов Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, Батырбек Әбдішев Төтенше жағдайлар вице-министрі, Ростислав Коняшкин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.
Қуандық Қажкенов 1984 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін, «Көкше» Академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы жеке компанияда инженер-электрик болып бастаған.
2008-2009 жылдары – ғылыми-техникалық орталықта инженер-жобалаушы.
2009 жылдан бері «Мемсараптама» РМК құрылымында қызмет етті.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Мемсараптама» РМК бас директоры.
Жуырда Қуандық Қажкеновтің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үйді, әлеуметтік инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылық объектілерін қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмысты жергілікті жерлерде үйлестіру үшін...