Көпшілік ерекше үміт артқан жобаның бірі де бірегейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі еді. Сарапшылардың айтуынша, қазір бұл жобаның халық алдындағы беделі төмендеп кетті. Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру үшін 2,8 трлн теңге бөлінген. Бұл рекордтық сома және COVID-19 пандемиясынан кейін салынған қаражаттан 64,9 пайызға көп. Аталған соманың жартысынан көбі – 57 %-ы немесе 1,6 трлн теңгесі мемлекеттік міндетті тегін медициналық көмек аясында бөлінсе, қалғаны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан (ӘМСҚ) бөлінген.
Алайда көрсеткіштердің өскенін және қызметтерді шамадан тыс тұтыну орын алғанын ескерер болсақ, онда қаржыландыру деңгейі жеткіліксіз болып шыға келеді. ӘМСҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың денсаулық сақтауды...