Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан аумағынан қара және түсті металл сынықтарын әкетуге тыйым салу мерзімін тағы алты айға ұзартты.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі бұйрығына сәйкес 5 мамырдан бастап Қазақстаннан металл сынықтары мен қалдықтарының белгілі бір түрлерін экспорттауға тыйым салынады.
Бұл мыс, алюминий, қорғасын сияқты материалдардың қалдықтары мен сынықтары, қорғасын аккумуляторлары, істен шыққан қорғасын аккмуляторлардың қалдықтары мен сынықтары, құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы бар материалдарға қатысты болмақ. Бұйрықта көрсетілгендей аталған материал түрлерін кез келген тасымалдау әдісімен экспорттау мүмкін емес.
Бұл шектеу шаралары металл сынықтарының тапшылығын көріп отырған отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға және металл сынықтарының заңсыз айналымымен...