Қазақстан университеттеріне жыл сайын 100-ден астам шетелдік ғалымдар келіп, жұмыс жасайды. Оларға оқу орындары 1 миллионға жуық жалақы төлейді. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки айтты.
Вице-министр Қазақстандағы ғылыми зертханалардың материалдық техникалық әлеуетін нығайту мақсатында қаржыланжыру жылда бөлініп отыратын мәлімдеді.
«Екі бағытта жұмыс жасалуда. Алғашқысында материалды техникалық жабдықтау. Соңғы жылдары біздегі ғылыми мекемелерге 1миллиардтан астам қаржы бөлінді. Жалпы үшжылдықтың ішінде 600 миллиардтан астам қаржы көзделген. Соның ішінде 20-30 пайызы керекті материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуге көзделген«,-деді вице-министр Сенат кулуарында.
Сондай-ақ вице-министр отандық ғалымдардың шетелдік әріптестерімен бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасаймыз деп түсіндірді.