235 млн астам желі қолданушыларының деректері ғаламторды кезіп жүр

Жарияланды
Олардың логиндері мен аккаунттары да қолжетімді болған

Instagram, TikTok  және  YouTube пайдаланған 235 млн адамның деректері ғаламторлы шарлап жүр. Мұны Comparitech компаниясының киберден қорғаныс бөлімінің бастығы Боб Дьяченко айтты. Бұл туралы REN TV хабарлады.

Компанияның сайтында айтылғандай, 192 миллионнан астам жазба инстаграм , 42 миллион ТикТоктың, 4 миллион YouTube-ті қолданатындардың деректері мен  жазбалары.

«Кіру, пайдаланушы аты, байланыс ақпараты және суреттер ғана қол жетімді емес, сонымен қатар тіркелген жазылушылары туралы статистика да қолжетімді. Онда адамның орташа жасы, жынысы, орналасқан жері және ұнататындар саны көрсетілген. Сондай-ақ, телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайлары бар », – делінген хабарламада.

Деректердің бәрін тасымалдау  Deep Social компаниясымен байланысты, ол қазірдің өзінде жұмысын  тоқтатқан.

Былтыр  Қазақстанда да 11 миллион адамның жеке деректері интернетті шарлап кеткен еді. Әсіресе жасөспірімдердің өмірі жайлы бүкіл ақпарат  барлық адамға қолжетімді деп  (ЦАРКА) Кибератак зерттеу орталығының телеграм арнасы хабарлаған еді. 
«Кез келген адам жүйеге еркін кіре алады немесе оны толығымен і жүктей алады. Деректер базасындағы мәліметтер жарты жыл бұрын жаңарған және жаңартылған », – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз