Қазақстандағы асфальтбетон зауыттарының 38%, яғни 91 зауыт осы жылғы жол-құрылыс маусымына мүлдем дайын емес.
Қазақ жол ғылыми зерттеу институтының зерттеуіне сүйенсек, елдегі 239 асфальтбетон зауыттың 91, яғни 38% жаңа жол маусымына дайын емес. Дайындығы төмен зауыттар қатарын ірі жол жобаларына қатысуы тиіс зауыттар да бар.
Қалыптасқан жағдайды түзету үшін кәсіпорындарға 20 күн берілген. Осы уақыт өткеннен кейін олардың дайындығы осал болса, сәйкестік сертификаттарын қайтарып алу туралы мәселе қаралады.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты бастамасымен әрі Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен Қазақстанның асфальтбетон зауыттары жол-құрылыс маусымының алдында тексерілген. Тексеру алдында республикада асфальтбетон қоспаларын өндіру саласы туралы статистика жиналған.
«91 зауытта диспенсерлер мен термометрлерді өзекті тексеру...