Алматы полициясы ProTenge басылымының негізін салушы Жәмила Маричеваны оқыстан әкімшілік хаттамаға қол қоюға шақырды. Бұл жөнінде Жәмиланың өзі фейсбук парақшасында жазба жариялады.
«Күн сайын жүгіремін. Бүгін де жүгіру үшін шығып едім. Үш шақырымнан соң мені біреу қуып жетті. Участковый екен!
Ентігіп келіп, әкімшілік хаттамамен танысу керектігін айтқан соң, қызметтік көлікке мінуді талап етті.
Олардың сыпайы қарым-қатынасы мен қызмет әдебі мені таң қалдырды. Бұрын маған әкімшілік айыппұлдар салынбаған еді. Әрқашан осылай болатын ба еді?», – дей келе полиция оны босатқанын, мән-жайды кейін түсіндіретінін жазған.
Ақпарат құралдары, сәрсенбі, 22 сәуір күні кешке ProTenge басылымының бас редакторы және негізін қалаушы Маричеваны тәртіп...