18 наурыз «Наурызнама» онкүндігінде Ұлттық киім кию күні болып бекітілген. Осыған орай атаулы күнді мемлекеттік орган қызметкерлері мен ұлттық компаниялар қалай атап өткеніне шолу жасадық.
Ұлттық киім киген депутаттар
Бүгін депутаттар жұмысқа қазақша киім киіп келді. Фото Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен кездесуде түсірілген.
Әскери форманы ауыстырған жауынгерлер
Қорғаныс министрлігінің жауынгерлер әскери форманы бір күн ұлттық киімге алмастырды.
Гвардейск гарнизонының әскери қызметшілері Наурызнама аясында әр дәуірдегі қазақ хандары мен батырларын сахналады. Ерекше жағдайда өткен бұл құрылтайға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мерзімді қызмет сарбаздары қатысты.
18 жастағы жауынгерлер Керей-Жәнібек хандар, Абылай хан, Тәуке хан, Қарасай, Бөгенбай, Қабанбай...