Зейнетақы жинағына қалай жылжымайтын мүлік сатып алуға болады?

Жарияланды (жаңартылды )
Жылжымайтын мүлік бөлімінің редакторы
Толық нұсқаулық

Қазақстандықтар 2021 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға мүмкіндік алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, бұл мүмкіндікке қазірге дейін жинақталған қаражат сомасы жеткілікті шегінен асатын жарты миллионға жуық азамат ие. Солардың жартысына жуығы қазірге дейін осы мүмкіндікті пайдаланған.

БЖЗҚ дерегі бойынша ел тұрғындарының басым бөлігі зейнетақы жинағындағы қаражатты ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға (51%), ипотека бойынша берешекті ішінара төлеуге (27,4%) жұмсап жатыр, сондай-ақ ипотекалық қарызды төлеу кезінде бастапқы жарна ретінде пайдаланады (11,7%).

Мазмұны

Качалова-пенсионные-отчисления-ЕНПФ.jpg

Бір реттік зейнетақы төлемдерін мақсаты бойынша пайдалану үшін оператор ретінде Отбасы банк және тағы төрт банк айқындалды: Halyk Bank, Altyn Bank, ЦентрКредит Банкі және Freedom Finance Bank. Осы операторлар арқылы қазақстандықтар зейнетақы жинағына үй немесе пәтер сатып ала алады, сондай-ақ ипотека бойынша қарызын өтеу мүмкіндігі бар.

Мұның қалай жұмыс істейтінін тарқатып айтамыз.

Зейнетақы жинағын қандай мақсатта жұмсауға болады

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бірреттік зейнетақы төлемін (БЗТ) төмендегідей мақсатта жұмсауға болады:

  • Ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға (толық сатып алу);
  • Үй салу (жер учаскесін сатып алуды қосқанда);
  • Отбасы банкте тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша тұрғын үй үшін ипотека алу;
  • Екінші деңгейдегі банктерде ипотека алу үшін бастапқы жарнаны төлеу;
  • Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру;
  • Ипотека бойынша берешекті өтеу (ішінара немесе толық);
  • Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеу;
  • Банктегі ипотека төлемін ай сайын өтеу.

Егер коммерциялық ипотеканы ресімдеу немесе Halyk Bank, Altyn Bank, ЦентрКредит банкі немесе Freedom Finance Bank-тегі ипотека шарттарын жеңілдету керек болса, бағдарлама операторы ретінде тиісті банкке жүгіну қажет.

Үй, пәтер сатып алу, кез келген басқа банктен ипотека немесе тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша тұрғын үй қарызын алу немесе жалға алу шарты бойынша берешекті сатып алу құқығымен төлеу үшін Отбасы банкке жүгіну қажет.

Зейнетақы жинағын кім пайдалана алады

Зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін:

  • БЖЗҚ-да шоты бар, жасына байланысты зейнетақы жинағының сомасы жеткілікті шегінен асатын Қазақстан тұрғындары;
  • БЖЗҚ-да жинағы бар зейнеткерлер қалған сомасының 50%-ына дейін;
  • Сақтандыру компанияларымен оларға өмір бойы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар пайдалана алады.

kak-potratit-pensionnye-nakopleniya-na-nedvizhimost.jpg
Фото: Deposit Photos

«Жеткілікті шегі» деген не?

Жеткілікті шек – БЖЗҚ салымшысының шотында қалуға тиіс зейнетақы жинағының ең төменгі қажетті сомасы. Жеткілікті шек мөлшері салымшының жасына байланысты болады және зейнетке шыққан кезде салымшыға ең төменгі зейнетақы төлеміне қаражат жеткілікті болатындай етіп есептеледі.

пенсионные-отчисления.jpg

Мысалы, 20 жастағы азаматтар үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі «шекті» сомасы  –1,71 миллион теңгені, 40 жастағы азаматтар үшін 3,42 миллион теңгені, 60 жастағы азаматтар үшін 5,56 миллион теңгені құрайды.

Зейнетақы жинағынан қанша қаражат жұмсауға болатынын қалай білуге болады

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ шотындағы жеткілікті шегінен асатын соманы ғана жұмсауға болады. Зейнетақы жинақтарының пайдалануға қолжетімді сомасын бес тәсілмен білуге болады:

Бір реттік зейнетақы төлемін қалай алуға болады

Бір реттік зейнетақы төлемін алу үшін уәкілетті оператордан арнайы шот ашу керек және eGov-та электронды цифрлық қолтаңбаны алып, содан кейін enpf-otbasy.kz порталында өтінім беру қажет.

Арнайы шот – бұл зейнетақы қоры (БЖЗҚ) бірреттік зейнетақы төлемін аударатын банктегі ағымдағы шот.

Үй, пәтер сатып алу немесе тұрғын үй үшін қарыз алу бойынша мемлекеттік отбасы банк уәкілетті оператор болады. Ипотека рәсімдеу немесе оның ипотеканың банктегі талабын жеңілдету бойынша Halyk Bank, Altyn Bank, ЦентрКредит Банкі немесе Freedom Finance Bank-ке де жүгінуге болады.

Отбасы банкте арнайы шотты видеоқоңырау немесе банктің мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады. Ол үшін:

  • жеке куәлік
  • ұялы телефон керек.

отбасы-банк.jpg

Банктің мобильді қосымшасы арқылы екінші деңгейлі банкттерде арнайы шот ашуға болады. «БЗТ арналған шот» батырмасы басты бетте немесе «қаржы» бөлімінде тұр.

Бір реттік зейнетақы төлемін алуға өтініш беру үшін арнайы шот ашқаннан кейін enpf-otbasy.kz платформасында ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өту қажет.

Өтінімде:

  • арнайы шот нөмірі;
  • бірреттік зейнетақы төлемін пайдалану мақсаты;
  • салықтарды шегергендегі қолжетімді сома;
  • алынған бірреттік зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілін көрсету қажет.

Өтініш берілген сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан қаражат салымшының арнайы шотына аударылады.

Осы сәттен бастап салымшыға уәкілетті операторға бірреттік зейнетақы төлемін мақсатты түрде пайдаланғанын растайтын құжаттарды ұсыну үшін 45 жұмыс күні беріледі:

  • тұрғын үй сатып алу кезінде – нотариуста тіркелген пәтерді сатып алу-сату шарты;
  • үй салу кезінде – жерге иелік ету құқығын растайтын құжат және үй салу жөніндегі құжаттар;
  • ипотека қарызы талаптары өзгерген кезде (ипотеканы қайта қаржыландыру немесе өтеу) – қарыз шарты және банктен тиісті анықтама;
  • ипотеканы ресімдеу кезінде – банктен ипотекалық қарызды мақұлдау туралы кепілхат;
  • сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеу кезінде – Қазақстан ипотекалық компаниясынан жалға алу объектісінің мақсаты туралы анықтама.

«Өтінім берген сәтке дейін өтініш беруші мақсаттарын айқындап, мұқият дайындалып, контрагенттерден барлық қажетті құжаттарды сұрағандықтан әдетте 45 жұмыс күні жеткілікті. Алайда белгіленген уақытты өткізіп алсаңыз да, қайтадан өтінім беруге болады» дейді заңгер Максим Мостович.

kak-potratit-pensionnye-nakopleniya-na-nedvizhimost (2).jpgФото: Deposit Photos

Бір реттік зейнетақы төлемі не себепті берілмеуі мүмкін?

тінім беру кезінде салымшының жеке басын куәландыратын құжаттардың мерзімі өтіп кетсе немесе салымшы сұраған қаражат жеткілікті шегі мен салықтарды қосқанда қолжетімді сомадан асып кетсе, зейнетақы төлемі берілмеуі мүмкін.

«Егер көрсетілген қаражатты алуда шотта ақша жеткіліксіз болса, төлем берілмейді. Мұндай жағдайда бірреттік зейнетақы жинағын алуға болатындай қаржыны көрсетіп, қайта өтінім беру қажет»  деп түсіндірді Отбасы банкі.

Мостовичтің айтуынша, егер бір адам бір уақытта бірнеше өтініш берсе, оған да төлем беру бойынша мақұлдау жауап келмейді.

Алайда арнайы шотқа бірреттік зейнетақы жинағы аударылып қойған болса, бұл салымшының зейнетақының артық мөлшерін пайдалана алатынына кепілдік бермейді. Егер өтініш беруші 45 жұмыс күні ішінде бірреттік зейнетақы жинағын мақсатты түрде пайдаланатынын растайтын құжаттарды ұсынбаса немесе ол құжаттар тексеруден өтпесе, уәкілетті органдар арнайы шотқа аударылған төлемді БЖЗҚ-ға қайтара алады.

Статистика бойынша көп жағдайда БЖЗҚ-ға үй құрылысына (берілген өтініштердің 72%), ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға (берілген өтініштердің 70,3%) және берілген өтініштердің 42,85% ипотека бойынша берешекті толық өтеуге алынған төлемдер қайтарылады.

Качалова-пенсионные-отчисления-ЕНПФ-(3).jpg

Заң компанияларының мәліметінше, егер:

  • жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа арналмаған болса;
  • өтініш беруші бірретік зейнетақы төлемінің мақсатты пайдаланылуын растайтын барлық қажетті құжатты ұсынбаса, үй құрылысы кезінде оператор зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-ға қайтарады.

«Үй құрылысына зейнетақы төлемдерін алған кезде учаскенің өтініш берген тұлғаға ресімделуі керек және жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа нысаналы мақсаты болуы қажет. Сондай-ақ құрылысқа рұқсат беру және жобалау құжаттамасын келісу, лицензиясы бар мердігерді таңдау және келісімшарт жасасу қажет. Іс жүзінде, меншік иелері көбінесе аз қабатты үйлерді өздері салады немесе лицензиясыз білікті жұмысшыларды тартады және уәкілетті оператор сұраған барлық құжаттарды ұсына алмайды»  деп түсіндірді Максим Мостович.

kak-potratit-pensionnye-nakopleniya-na-nedvizhimost (3).jpgФото: Deposit Photos

Егер қарыз алушы ипотека берген банкпен келісіп үлгермесе немесе келісе алмаса, ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға және ЕДБ-дегі ипотека бойынша берешекті толық өтеуге арналған төлемдер негізінен БЖЗҚ-ға қайтарылады, деп атап өтті заңгерлер.

«Әрбір екінші деңгейлі банкте берешекті мерзімінен бұрын өтеуге арналған өтінімдерді қараудың талаптары, ережелері мен мерзімі әртүрлі. Кейбір банк қарызы шарттарында мерзімінен бұрын өтеуден бас тарту туралы пункт бар. Сондай-ақ сот тәртібімен өндіріп алынған және сот орындаушысына берілген мерзімі өткен берешекті өтеу кезінде мәселе туындайды. Мұндай жағдайда негізгі қарыз ғана емес, сондай-ақ сот шығындары, атқарушылық санкция және тұрғын үй жағдайын жақсартуға тікелей бағытталмаған өзге де шығындар өтелуге тиіс»  деп нақтылады Мостович.

Заңгердің айтуынша, ипотеканы ресімдеу немесе тұрғын үй сатып алу кезінде уәкілетті оператор егер бірреттік зейнетақы төлемін төлеуден бас тартатын жағдайлар:

  • тұрғын үй жақын туыстарынан сатып алынса;
  • қарыз алушы ақшаны ҚТК кепілдігі не әкімдіктің рұқсаты жоқ құрылысқа үлескер ретінде қатысу үшін жұмсағысы келсе;
  • өтінімге барлық қажетті құжаттар қоса берілмеген немесе құжаттар уәкілетті оператордың талаптарына сәйкес келмесе.

«Көп жағдайда құжаттарға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы қоса беру талап етіледі. EGov базасынан жоғарғы бұрышында сатып алушының цифрлық қолтаңбасы және QR коды бар анықтаманы қоса беру қажет. Нотариус немесе үшінші тұлға берген мұндай құжат қабылданбайды» деді Максим Мостович.

«Растайтын құжаттар оқуға жарайтындай нұсқада сканерленуге тиіс. Олай болмаған жағдайда сіздің құжаттарыңыз тексеруден өтпейді және қайтарылады» деп толықтырды Отбасы банк өкілдері.

Алған БЗТ үшін қашан және қандай салық төлеу керек

Зейнетақы жинақтарын алған кезде 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады. Мысалы, 5 миллион теңге мөлшерінде төлем алған кезде салық ретінде 500 мың теңге төлеу қажет. Бірретік зейнетақы төлемін мерзімінен бұрын алған кезде өтінім берушіде таңдау құқығы бар: ақшаны алған кезде салықты толық көлемде төлеу; салықты зейнетке шыққаннан кейін 16 жыл ішінде тең үлестермен ай сайын төлеу.

Зейнетақы жинағын кімге және қалай беруге болады?

Жеткілікті шегінен асатын зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе жұбайына беруге болады. Жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-іні мен апа-сіңлі, атасы, әжесі, немерелері жатады.

«Егер сіздің жақын туысыңыз сізге бірреттік зейнетақы төлемінің қаражатын беруді жоспарлап отырса, онда бұл ақша сіздің арнайы ағымдағы шотыңызға түскенше күтіп, содан кейін бірреттік зейнетақы төлемін пайдалану туралы өтініш жасау керек. Өтінімде сіз берілген қаражатты пайдаланғаныңызды атап өту керек» деп түсіндірді «Отбасы банкте».

Зейнетақы жинағы көмегімен сатып алынған тұрғын үйді қашан сатуға болады

Зейнетақы жинағын бес жылдан аса уақытқа ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна ретінде пайдаланса ғана тұрғын үйді сатуға қойылған шектеу қойылады. Бұл жағдайда тұрғын үйді несие берілген сәттен бастап бес жылдан кейін ғана сата алады.

Ипотеканы мерзімінен бұрын өтеген кезде шектеу алынады және азамат тұрғын үйді сата алады.

Егер тұрғын үй қарыз ресімдеусіз сатып алынса немесе ипотекалық қарыз мерзімі бес жылдан аспаса, иеліктен шығаруға шектеу жоқ болса – жылжымайтын мүлікті кез келген уақытта сатуға болады.

Ипотеканы қайдан онлайн алуға болады:

•    Freedom Finance Bank-тен
•    «Отбасы банктен»

2021 жылдан бастап мемлекеттік «Отбасы банкі» және Freedom Finance банкінде үйден шықпай-ақ тұрғын үйге ипотекалық қарыз алуға болады.

Freedom Finance Bank-тен онлайн ипотека алу үшін:

  • ЖСН
  • Телефон нөмірі
  • ЭЦҚ (өтінім берген кезде рәсімдеуге болады)
  • Таңдаған жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер қажет.

Ипотека-фридом-финанс-(каз).png

Цифрлық ипотека бетінде онлайн-калькулятор арқылы несиелеудің оңтайлы шарттарын таңдау қажет.

ЖСН мен телефон нөміріңізді енгізіп, ипотекаға өтінім беріңіз. Банк сіздің табысыңыз бен несие тарихыңызды талдап, алдын ала шешім шығарады.

Егер қарыз алушының несие тарихы нашар болса, банк кірістерді қосымша растауды – басқа банктен табыс бойынша ақпарат ұсынуды сұрай алады. Сондай-ақ қосалқы қарыз алушыны тарту мүмкіндігі бар.

Бағалаудан өтіңіз – жылжымайтын мүлік туралы деректерді толтырған соң,  объектінің құнын ескере отырып шешім шығарады. Банктің цифрлық сервисі 5 минут ішінде Big Data көмегімен жылжымайтын мүліктің ағымдағы құнын 120 көрсеткіш (локация, инфрақұрылым, доллардың ағымдағы бағамы және т.б.) бойынша бағалайды.

Сатып алу-сату шартын жасаңыз. Сервис сізге қол қою үшін құжаттарды рәсімдейтін нотариусты ұсынады. ЭЦҚ көмегімен шартқа және сіздің онлайн кабинетіңізде жиналған басқа да құжаттарға қол қойыңыз.
Осыдан бірнеше сағаттан кейін сіз жаңа тұрғын үйдің иесі боласыз, ал сатушы өз ақшасын алады.

«21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы пәтерге цифрлық ипотеканы ресімдей алады. Несие аяқталған кезде қарыз алушы 63 жастан аспауы керек. Ипотека 1965 жылы салынған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі ауданы кемінде 29 шаршы метр пәтерлер үшін қолжетімді. Кепілді бағалау талап етілмейді, онлайн ипотеканы ресімдеу барысында банк 5 минут ішінде жылжымайтын мүлікке ішкі бағалау жүргізеді» деп түсіндіреді Freedom Finance Bank өкілдері.

Банктің статистикасы бойынша ипотеканы онлайн ресімдеуге 2 сағаттан 1-2 күнге дейін уақыт кетеді.

«Ешқандай қағаз құжат қажет болмады – барлығы онлайн форматта жасалды. Қосалқы қарыз алушы басқа қалда тұруы да бір тәуліктен аз уақыт ішінде ресімдеуге кедергі болмайды. Мен таңертең өтінім бердім, 12-ге дейін нотариуста мәміле жасалды, 2 сағаттан кейін пәтер маған әділет органдарында тіркелді, ал кешкі сағат 6-да сатушы өз ақшасын алды» дейді сатып алушы Айгүл.

«Отбасы банктен» онлайн ипотека алу үшін:

  • Жеке куәлік
  • ЭСҚ
  • Дербес компьютер немесе ұялы телефон арқылы банктің видео қызметіне кіру қажет

Ескерту: жылжымайтын мүлікті бағалау, нотариуста сатып алу-сату шартына қол қою және «Отбасы банкте» төлем кестесіне қол қою офлайн форматта өтеді.

Ипотека-отбасы-банк-(каз).jpg

Алдын ала мақұлдау. Төлем қабілеттілігін тексеруден өтіп, қарыз бойынша алдын ала мақұлдау алыңыз. Ол үшін видеосервис бойынша «Ипотека Online» қосымша беті арқылы банк кеңесшісіне хабарласыңыз. Қосалқы қарыз алушылар басқа қалада немесе елде болса да, видео байланысқа қосыла алады.

Маман онлайн режимінде БЖЗҚ базалары, кредиттік бюро және басқа да сервистер бойынша қарыз алушылардың әрқайсының кіріс деңгейі мен кредит тарихын тексереді. Осыдан кейін банк жүйесі автоматты түрде «алдын ала шешім туралы сертификатты» қалыптастырады, онда сізге берілетін сома, пайыздық мөлшерлеме және қарыз мерзімі көрсетіледі.

Тәуелсіз сарапшыларға жылжымайтын мүліктің құнын бағалатып, бағалау нәтижелерін «Отбасы банкіне» апару қажет. Бұл кезең офлайн форматта өтеді.

«Отбасы банк» кеңесшісіне бағалаушымен хабарласуды тапсыруға болады, сонда бағалау туралы есеп бірден банк жүйесіне жүктеледі. Егер сіз бағалаушыны өзіңіз таңдасаңыз, бағалау нәтижесін сканерлеп, жеке кабинетке жүктеу қажет»  деп хабарлайды банк өкілдері.

«Отбасы банкінің» ішкі бөлімшелері бағалаудың дұрыстығын тексеріп, оны құптаған кезде, жеке кабинетіңізде кезеңнен өткені туралы белгі пайда болады.

«Бағалау рәсімі орта есеппен 3 күнді алады, бірақ нақты бағалаушының жұмысына байланысты ұзаққа созылуы мүмкін» деді «Отбасы банкі».

Бағалау нәтижелері бойынша банк кеңесшісі сізге несие өтінімінің егжей-тегжейін келісу үшін видеосервис арқылы хабарласады.

Маман қандай жылжымайтын мүлікті (қолда бар әлде сатып алынатын) кредит бойынша кепілге қойғыңыз келетінін нақтылайды. Сондай-ақ ай сайын қай уақытқа дейін төлем жасау ыңғайлы екенін сұрайды, жылжымайтын мүлікті сатушыдан банк реквизиттерін алады. Нәтижесінде жеке кабинетіңізде тұрғын үй заемын алу шарттары мен нотариусқа арналған QR-коды бар хабарлама пайда болады.

Сатушымен бірге нотариустан сатып алу-сату мәмілесін ресімдеу қажет. Мәмілені тіркеу үшін несиені мақұлдау туралы банктің хабарламасын өзіңізбен бірге алып барасыз. Мәмілені тіркегеннен кейін «Отбасы банкіне» пәтерге құқық белгілейтін құжаттарды беріңіз. Бұл кезең офлайн форматта өтеді.

«Отбасы банк» blockchain жүйесінің көмегімен банк бөлімшесі мен ХҚКО-ға бармай-ақ, кепіл шартын рәсімдеуге болады. Мәміле тіркелгеннен кейін кепіл шарты қарыз алушының жеке кабинетінде қолжетімді – онымен танысып, ЭЦҚ арқылы қол қою керек.

Ипотека беру. Несие төлемдері кестесіне қол қою үшін «Отбасы банк» бөлімшесіне бару қажет.  Осы сәттен бастап 1-2 күн ішінде сатушы пәтер үшін ақы алады, ал сіз жаңа тұрғын үйдің иесі боласыз.

Сондай-ақ оқыңыз