1 view

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір жылда 8 пайызға өскен

БЖЗҚ-да 12,8 трлн теңге жатыр

Фото: Асқар Ахметуллин

2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,8 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Былтырғы жаздан бері зейнетақы жинақтарының сомасы 992 миллиард теңгеге немесе 8% өсті, деп хабарлайды БЖЗҚ. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 трлн теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім – 8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 331,5 млрд теңге (өсім 18%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,8 млрд теңгеге жеткен.

2021 жылдың алты айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 811,8 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 286,8 млрд теңгеге немесе 55%-ға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,6%-ын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы – 602,2 млрд теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім 20%), МКЗЖ бойынша 27,3 млрд теңге (өсім 14%) түсті, ЕЗЖ бойынша 299 млн теңге (өсім 39%) аударылды.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі, салымшылардың салымынан бөлек, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында 753,3 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыс арқасында өскен. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 39% немесе 210 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бастап 1 шілдеге 6,1% болса, инфляция 4,6% құрады. Соңғы 12 айдағы кірістілік 12,1%, осы кезеңдегі инфляция 7,9% болды.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны – 10 907 549. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 526 674, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 47 490 бірлікке тең.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер