Қор салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге сомаға зейнетақы жинақтары бар

Жарияланды
Бір жылдың ішінде 8%-ға ұлғайды

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайы бойынша Қор салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге сомаға зейнетақы жинақтары қалыптастырылған. Бір жыл ішінде, яғни 01.04.2020 жылдан 01.04.2021 жылға дейін сома 1 триллион теңгеге немесе 8%-ға ұлғайды. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы:
• Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) 12,3 трлн теңгені құрады, бір жылдағы өсім 8%;
• Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) 315,9 млрд теңгені, өсім 16%;
• Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) 2,2 млрд теңгені құрады, өсім 8%.

Зейнетақы жинақтарының өсуі 2021 жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуірі аралығында 358,2 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алды.

Қордан берілетін төлемдер, ең алдымен, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен айтарлықтай өсті. 2021 жылдың үш айында ғана БЖЗҚ салымшыларына Қордан 1,03 трлн теңгеден астам сомаға келесі төлемдер жүргізілді:
• БЗТ – 952,4 млрд теңге, 
• Сақтандыру ұйымдарына аударымдар – шамамен 26 млрд теңге,
• Жасына байланысты төлемдер – 24,2 млрд теңге, 
• Мұрагерлік бойынша – 17,8 млрд теңге, 
• ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 7,4 млрд теңге, 
• Жерлеуге берілетін төлемдер – 1,2 млрд теңге,
• Мүгедектік бойынша төлемдер – 0,6 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 29 080 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады.

 

Сондай-ақ оқыңыз