Инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының маңызды бөлігі

Жарияланды
2021 жылы зейнетақы табыстылығы 106,25% құрады

Инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының маңызды бөлігі. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы болып табылады және оларды Инвестициялық декларацияға сәйкес инвестициялайды. Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін Үкімет бекітеді. Зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес айқындайды.

Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Ұлттық банктегі инвестициялық шотына орналастырылған. БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының дербестендірілген есебін жүргізеді.

Инвестициялық басқару нәтижелері және зейнетақы активтері инвестицияланған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын орналастырылады.

2020 жылы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыстылық инфляция 7,5% болған кезде 10,92% құрады. Нәтижесінде 2020 жылғы нақты кірістілік 3,42% , ал 2020 жыл ішінде алынған инвестициялық кіріс көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі басталғаннан бері салымшылар алған инвестициялық табыс 5,5 трлн теңгеден асты және зейнетақы активтерінің 43% астамын құрады. Жинақталған инвестициялық табыстылық 1998 жылдан бастап (жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істей бастауы) 602,9%, ал жинақталған инфляция 496,65%  құрады.

Осылайша  2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен 23 жылдағы зейнетақы активтерінің нақты (яғни инфляциядан асатын) жинақталған табыстылығы оң сипатта  және 106,25% құрады.
 

Сондай-ақ оқыңыз