Зейнетақы шотында қанша жинақ бар екенін қалай тексеруге болады?

Жарияланды
Жинақтың жай-күйі туралы ақпаратты бірнеше жолмен білуге болады

Зейнетақы шотында қанша жинақ бар екенін қалай тексеруге болады? Бұл сұраққа БЖЗҚ АҚ ның Telegram каналы хабарлады.

Сіздің жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты бірнеше жолмен білуге болады: ⠀

БЖЗҚ сайтында (www.enpf.kz) «Жеке кабинетке» электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен немесе ЖСН мен құпиясөзді пайдалана отырып кіру арқылы;

БЖЗҚ мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеп, жүйеге кіру арқылы;

Жүйеге тіркелу үшін, сондай-ақ «Жеке кабинеттің» және мобильді қосымшаның барлық функционалын пайдалану үшін «Интернет» – хабарлау тәсілін таңдау қажет. Ақпараттандыру тәсілін БЖЗҚ сайтында (www.enpf.kz) электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен Жеке кабинетке кіру және одан әрі «Қызметтер» бөлімінде (Жеке кабинетте) «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» қосымша парақшасына өту арқылы өзгертуге болады;

БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесі арқылы, бірақ карантин уақытында қызмет алуға алдын ала жазылу керектігін ескертеміз. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық қызмет көрсету» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет көрсетуге кезекті брондау» баннерін басып, филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өзіңіз таңдай аласыз;
Үзінді көшірмені пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) немесе электрондық пошта мекенжайына алу арқылы. Ол үшін ақпараттандырудың қажетті әдісін Қордың бөлімшесіне бір рет барып таңдау қажет. Осы сұрақтар жайлы толық кеңес алу үшін Қордың кезекші қызметкерлерге хабарлассаңыз болады. ҚР бойынша кезекші қызметкерлердің тізімі www.enpf.kz сайтында «Байланыс» бөлімінде орналасқан;

Электрондық үкімет порталында egov.kz «Жеке кабинетке» ЭЦҚ пайдалану арқылы немесе салымшының мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне келетін бір реттік sms-парольді қолдану арқылы кіріп, қажетті қызметті таңдап алу.⠀

Электрондық үкімет порталында ХҚКО-ға бармай-ақ ЭЦҚ-ны қашықтан алу мүмкіндігі бар. Толық ақпаратты egov.kz сайтынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз