Қор салымшыларының зейнетақы жинақтары 18% артты

Жарияланды
Қор салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылған

Жыл басынан бері Қор салымшыларының зейнетақы жинақтары 18% артты. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның ресми Telegram арнасы хабарлады. 

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге сомаға зейнетақы жинақтары қалыптастырылған. Ағымдағы жылдың басынан бастап, яғни 01.01.2020 жылдан бастап 01.12.2020 жылға дейін сома 1,9 трлн теңгеге немесе 18%  ұлғайды.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы келесі көрсеткіштерден құралды:

– міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 12,4 трлн теңге (2020 жылдың басынан бері өсім 18%  құрады)
– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 309,6 млрд теңге (өсім 26% құрады),
– ерікті зейнетақы жарналары – ЕЗЖ) – 2,2 млрд теңге (өсім 11%).

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсанға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,13 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 531 млрд теңгеге (өсім 88%) артық.

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады (жыл басынан бері өсім 10% құрады), оның ішінде:

– міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша – 10 984 130 (өсім 11%),
– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша – 526 111 (өсім 3%),
– ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша – 57 211 (өсім 5%).

Сондай-ақ оқыңыз