БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының құпиялығына кепiлдiк бередi

Жарияланды
Салымшы қайтыс болған жағдайда ақпарат мұрагерге беріледі

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепiлдiк бередi. Оған салымшылардың жыне алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары туралы және оның қозғалысы туралы мәлiметтер кіреді. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.

Зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға және салымшының (алушының) жазбаша келiсуi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн. 

Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда ақпарат мұрагерлерге немесе соттарға беріледі. 
 

Сондай-ақ оқыңыз