Зейнетақы қорындағы төлемдердің ең көп мөлшері белгілі болды

Жарияланды
Ол жарты миллионға жуық теңгені құрады

2020 жылдың бірінші айында 146 мыңнан астам алушыға жалпы сомасы 17,9 млрд теңгеге зейнетақы төлемдері мен аударымдары жасалды,- деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Соның ішінде:

– зейнет жасына жету үшін төлемдер – 7,4 млрд. теңге;
– тұрақты тұруға кетуге байланысты – 4,8 млрд. теңге;
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 2,6 млрд. теңге;
– мұрагерлік төлемдер – 2,5 млрд. теңге;
– жерлеу төлемдері – 311 млн. теңге;
– мүгедектік бойынша жәрдемақы – 200 млн. теңге.

БЖЗҚ-дан төленген төлемдердің орташа сомасы 100 803 теңгені құрайды. Бұл сомаға кестеге сәйкес төлемдер және тұрақты тұруға кетуге байланысты және сот шешімі бойынша жасына, мүгедектікке, мұрагерлікке, жерлеуге төлемдер кіреді.

Сонымен қатар, кесте бойынша орташа айлық төлем мөлшері 21 810 теңгені құрады, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 446 794 теңгені құрайды 

Сондай-ақ оқыңыз