Өзбекстанда Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылады

Жаңа құрылым экономиканы дамытуға үлес қоспақ

Фото: Shutterstock

Өзбекстан Президенті жанынан Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылады. Көрші елдің мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды. 

Кеңестің мақсаты – халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, елдің инвестициялық, индустриялық-технологиялық және инновациялық дамуының маңызды бағыттары бойынша Өзбекстан Республикасының Үкіметіне кеңес беру. Жаңа құрылым инвестиция тартуға кедергі келтіретін факторларды анықтауға және осы саладағы түйткілдерді жоюға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге ниетті.

Ал Freedom Finance компаниясының Өзбекстандағы атқарушы директоры Евгений Можейко жаңа қаулыны талдай келе:

«Бұл – шетел компаниялары үшін Өзбекстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолында жасалған тағы бір қадам. Сонымен қатар, жергілікті инвесторлардың да инвестиция құралдарына деген сенімін арттыру маңызды. Кеңестің құрылуы инвесторлардың Өзбекстанға қатысты ой-пікірін өзгертуге, сол арқылы мемлекеттің нарықтың барлық қатысушыларына қатысты ашықтығын арттырудағы саяси ерік-жігерін растайды»,– деген пікір білдірді.

«Аталмыш кеңес құрамына шетел компанияларының, банк, инвестициялық және өзге де құрылымдардың басшылары мен өкілдерінің кіруі қаржы нарығын дамытудың қозғаушы күшіне айналады, өйткені олар бұл салаға өз тәжірибесі мен сараптамасын енгізеді», – дейді сарапшы.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif