Елімізде астық қымбаттады

Бір тонна астық құны 85 мың теңге болды

Фото: Shutterstock

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық  компаниясы 2019 жылғы өнімнің 3-, 4-класты Triticum aestivum L. бидайын сатып алу бағасы мен сапалық көрсеткіштерінің өзгергені туралы хабарлады.

Мекеме деректеріне сәйкес, үшінші класты Triticum aestivum L. бидайының бағасы қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілер үшін тоннасына 85 000 теңгені құрайды.

Қосылған құн салығын төлемейтіндер үшін  тоннасына 75 893 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бұған дейін корпорация бір тонна астықты ҚҚС төлейтіндерден – 70-76 мың теңгеге, ал қосымша құн салығын төлемейтіндерден 62 500 - 67 857 теңгеге сатып алатын еді.

Төртінші сыныпты Triticum aestivum L. бидайының бағасы  сапалық көрсеткіштеріне байланысты, қосымша кұн салығын төлеушілер үшін 77-80 мың теңге болса, ҚҚС төлемейтіндер үшін – 71429 және 68750 теңге.

Баға ел үкіметінің астықтың резервтік қорын жаңарту және қалыптастыру, сондай-ақ азық-түлік астығының кепілді көлемімен қамтамасыз ету тапсырмасына байланысты өзгерген.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif