Алматы облысының басшысы АЭС салу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

Өңір басшысы бұл мәселеге нақтылық енгізді

Фото: Shutterstock

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ОКҚ-да өткен брифингте өзі жетекшілік ететін облыста атом электр станциясын салу мәселесі сөз күйінде қалғанын жеткізді.

«АЭС-ке қатысты. Бірден айтайын, иә, ондай әңгіме болған. Сіздер білесіздер, ол жерде бірнеше нұсқа болған еді, Алматы облысы сол нұсқалардың бірі болған-ды. Басқасы – Шыңыс Қазақстан облысында. Бірақ ол сөз күйінде қалды. Ешқандай жер бөліну, ешқандай талқылау, «станция салынады-ау» деген жерге бару болған жоқ. Мұны мен ашық айта аламын», –деді журналистердің тиісті сұрағына жауап берген Баталов. 

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың басында РФ президенті Владимир Путин ресейлік технологиямен Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынған болатын.

Мағзұм Мырзағалиев, энергетика министрінің орынбасары бола отырып, атом электр станциясының Алматы облысындағы Үлкен ауылында салынуы мүмкін екені туралы айтқан-ды. 

Артынан, энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндігі бойынша соңғы 7-8 жыл жұмыс атқарылып жатқанын және қазіргі таңда маркетингтік сараптаманың дайындалғанын хабарлаған болатын. Соған сәйкес, бес елге өздерінің ұсыныстарын білдіру үшін хаттар, ұсыныстар жіберілген болатын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif