«БИПЭК-АВТО» өзінің медиахолдингін сатылымға шығарды

Жарияланды
Бірақ келісім сомасы жария етілген жоқ

Kursiv.kz-ке белгілі болғандай, «БИПЭК-АВТО–АЗИЯ-АВТО» компаниялары тобы Шығыс Қазақстандағы аса ірі медиахолдинг – «Регион» Баспа үйі» ЖШС-дегі өз үлесін сатуға ниетті екен. Дереккөздер сатыпалушылар арасында облыс әкімдігі болуы мүмкін дегенді айтуда. Бірақ жергілікті шенділер бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. 

Kursiv.kz жолдаған сауалға «БИПЭК-АВТО–АЗИЯ-АВТО» компаниясының өкілдері активті сату бойынша келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді, бірақ мәмілеге қатысушылардың барлығының келісімі қажет екенін сылтауратып, толық ақпарат беруден бас тартты. 

«»БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялары тобының атына «Регион» Баспа үйі» ЖШС бойынша мәміле жасау туралы ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстың өлшемдерін қарастыру барысында «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» топ-менеджменті мұндай мәміленің орын алу мүмкіндігіне оң баға берді», – деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.

Аватоөндірушінің баспасөз қызметі «Регион» Сауда үйі» ұпайы түгел, өз күнін өзі көруге қауқары жеткілікті актив екенін атап өтті. 

«Медиахолдингтің қаржылық ахуалы тұрақты, өзіне жеткілікті табысы бар», – делінген компанияның «Курсив» жолдаған сауалға берген жауабында. 

Ашық дереккөздерінен ЖШС-тің табысы туралы мәліметтер табылмады. Алайда сайттың мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылдан 2018 жылға дейін uchet.kz контрагенттерін тексеру бойынша баспа үйі 158,7 млн теңге салық төлепті. Ал биылғы салық сомасы 17,6 млн тегені құраған. 

Холдингті сатып алуы мүмкін дегендердің бірі ретінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі де аталуда. Бірақ облыстық ішкі саясат басқармасындағылар бұл деректерді растамады. Ведомство басшысы Ирина Смит ЖШС үлесін сатып алу мәселесінің қаралмағанын да хабарлады.

«Регион» Сауда үйі» ЖШС медиахолдингінің құрамына бірнеше қоғамдық-саяси газеттер, атап айтқанда,  «Мой город», «Мой город Риддер», «Мой город Зыряновск», «Мой край» (апталық жалпы тиражы 42 мың дана), Yk-news.kz ақпараттық порталы (күніне 32 мыңға жуық адам кіреді), әлеуметтік желілердегі аккаунттар кіреді. Медиахолдингтің үлкен бөлігі «БИПЭК-АВТО-АЗИЯ-АВТО» компаниялары тобына, ал шағын үлесі ЖШС директоры Евгений Черкашинуге тиесілі.

«БИПЭК-АВТО – АЗИЯ-АВТО» компаниялары тобы– өндірістік автохолдинг. Оның құрамына «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС (республиканың 19 қаласында автомобильдерді сату желісі бар), «АЗИЯ АВТО» АҚ автожинақтау зауыты, салынып жатқан толық циклды «АЗИЯ-АВТО Қазақстан» автомобиль зауыты («АВТОВАЗ» ААҚ – акцияларының 25% ие), Ресейдегі қызмет көрсету-сату жүйелері кіреді. Компанияны түпкілікті бақылаушы тарап бизнесмен Анатолий Балушкин болып табылады.

Аудиторлық есептердің мәліметтері бойынша, «АЗИЯ-АВТО» АҚ зауыты өткен жылды 81 млрд теңге табыспен аяқтады.  Кәсіпорын бір жылда 18,2 мың автомобиль шығарған, бұл қазақстандық жеңіл автомобильдер нарығы өндірісінің 60% құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз