Әлемнің 130 елінде коронавирус жоқ

Жарияланды
Бұл деректі Женевада өткен жиында ДДСҰ басшысы айтып өтті

Әлемнің 130 елінде короновирустың жаңа түрін жұқтырғандар анықталмаған. Бұл деректі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Женевада өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс. 

«130-дан астам елде әлі COVID-19  анықталмады. Кейбір елдерде бірінші инфекция жұқтырғандар кеше ғана тіркелген»,- деп мәлімдеді ДДҰ басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус Женевадағы ДДСҰ баспасөз конференциясында. 

Бұған дейін ДДСҰ коронавирустың алдын алу үшін елге келген жолаушылардың дене қызуын өлшеу – шығыны көп, аса тиімсіз шара екенін айтып өткен еді. 

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны өсіп келеді, сейсенбі күнгі мәлімет бойынша олардың қатары 90,8 мың адамнан асқан. Бұл ретте Қытайда 80,151 мың расталған дерек тіркелсе, материктік Қытайдан тыс аймақтарға ауру жұқтырғандар саны өткен тәулікте 2,3 мыңға артып, 10 696 адамға жетті. 

Қытайдан өзге коронавирус құрбандарының саны бір тәулік ішінде 129-дан 175-ке дейін өсті: 66 адам Иранда, 52 кісі – Италияда, 28 адам – Оңтүстік Кореяда,  Жапонияның 12 тұрғыны (оның ішінде Diamond Princess круиз лайнерінің алты жолаушысы бар), АҚШ-та – 6 адам,  Францияда 3 кісі, Гонконгта  екі адам қайтыс болған. Таиланд, Австралия, Ұлыбритания, Эквадор, Тайвань және Филиппинде бір кісіден көз жұмды.
 

Сондай-ақ оқыңыз