Skip to main content

Трамп «Әл-Каиданың» тағы бір көшбасшысының көзі жойылғанын мәлімдеді

Бұл жолы арнайы операция Йеменде өткізілді

Фото: Shutterstock

«Әл-Каида» (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымы көшбасшыларының бірі Йеменде жүзеге асырылған арнайы операция кезінде өлтірілді, деп мәлімдеді АҚШпрезиденті Дональд Трамп, деп хабарлайды Интерфакс.

«АҚШ президенті Дональа Трамптың нұсқауы бойынша АҚШ Йеменде терроризмге қарсы операция өткізіп, оның барысында «Әл-Каиданың» Араб түбегіндегі ұйымының  (AQAP) негізін қалаушысы және көшбасшысы – Қасым әл-Римидің көзі жойылды», – делінген таратылған хабарламада. 

Онда әл-Римидың басшылығымен AQAP «Йемен халқына қарсы теңдесі жоқ зорлық-зомбылық актілерін жүзеге асырып, Құрама Штаттарға және онң қарулы күштеріне көптеген шабуылдарды ұйымдастыруға және оларға дем беруге тырысқаны» атап өтілген.

«Оның көзінің жойылуы AQAP-ты және жалпы «Әл-Каида» тобын одан әлсірете түседі және бізді өзіміздің ұлттық қауіпсіздігімізге осы ұйымдар тудыратын қауіп-қатерлерді жоюға жақындата түседі», – деп атап көрсетті Трамп.

Сөзін нақтылай түскен ол келесіні қосты: «Біз өзімізге зиян келтіруге тырысатын лааңкестерді анықтай және олардың көзін жоя отырып, американдық халықты қорғауды жалғастыратын боламыз».

banner_wsj.gif

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады

Ұйым індетпен күрес шараларының жеткіліксіздігі мен оның кең таралуына алаңдаулы

Фото:shutterstock.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус әлемде COVID-19 инфекциясының кең таралуына байланысты коронавирусты «пандемия» деп жариялады, деп жазады Интерфакс агенттігі.

«Біз COVID -19-ға қатысты қалыптасқан  жағдайды пандемия деп сипаттауға болады деген қорытындыға келдік»,–деді ол Женевада өткен баспасөз мәслихатында. 

ДДСҰ басшысы ұйым коронавирустқа байланысты әлемдегі жағдайды тәулік бойы бақылап отырғанын жеткізді.

«Біз коронавирустың осындай қорқынышты қарқынмен таралуына да, сонымен бірге оны ерен қылмай, алаңсыз отырғанға да алаңдаулымыз», – деді ол. 

Гебрейесус «алдағы күндері COVID -19  инфекциясын жұқтырғандардың саны, соның салдарынан қайтыс болғандардың және ауру таралған елдерің саны күрт өседі деп күтіп отырмыз» деп мәлімдеді.

ДДҰ критерийлеріне сәйкес, пандемия – жаңа аурудың әлемдік ауқымда таралуы. Мысалы, тұмау пандемиясы жаңа вирусы пайда болып, ол  бүкіл әлем бойынша таралғанда және адамдардың басым бөлігінің иммунитеті төмен болғанда жарияланады.

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif