Иран өзі атып түсірген Boeing үшін Украинаға өтемақы ұсынды

Жарияланды
Бірақ бұл сома Зеленскийдің көңілінен шықпады

Иран билігі  Тегеран маныңда құлаған ұшақ апатында қайтыс болғандардың отбасына 80 мың доллардан өтемақы ұсынды. Алайда бұл сома Украина президенті Владимир Зеленскийдің көңілінен шықпады, деп хабарлайды РИА Новости.

ТСН-ге берген сұхбатында Зеленский: «Бұл өте аз. Одан да көп сома талап етеміз»,–деді. 
Айта кетейік, украиндық МАУ әуе компаниясының Boeing жолаушылар ұшағын Иран әскерилері байқаусызда атып түсірген еді. Ұшақ апатынан арасында Иран, Украина, Канада, Ұлыбритания, Германия, Швеция және Ауғанстан азаматтары бар 176 адам қаза тапты: 167 жолаушы мен экипаждың 9 мүшесі. 

Иран әскерилері украиндық Boeing-ті «байқаусызда атып түсірдік» деп мәлімдеді, олар Иран саяси нысанының үстінен ұшып бара жатқан ұшақты жауларының зымыраны екен деп қалған көрінеді. Өйткені АҚШ тарабының шабуыл жасауын күтіп, бүкіл әуе қорғаныс күші дайын отырған. 

Украина президенті Владимир Зеленский Тегеранның кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап, кінәлілерді жазалауын және өтемақы төлеуін күтетінін мәлімдеді. 

Сондай-ақ оқыңыз