Skip to main content

Американдық әскерилер орналасқан Ирактағы авиабазаға оқ жаудырылды

Әзірге оны кім жасағаны белгісіз

Фото: slovoidilo.ua

Жексенбіде Ирактың солтүстігіндегі Салах-эд-Дин провинциясында орналасқан Ирактың әскері-әуе күштерінің «Балад» базасы зымырандық соққыға ұшырады, деп хабарлайды әскери дереккөзіне сілтеме жасаған РИА Новости.

Белгісіздер «Катюша» қондырғысынан атқан реактивтік снарядтардың, кем дегенде, бесеуі «Балад» базасына дарыған. Соның салдарынан, Ирак әскери-әуе күштерінің төрт әскериә жараланған, олардың екеуі – офицерлер.

Американдық әскерилердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

МҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ирак үкіметін әскери базаларды қорғауға барлық мүмкін әрекеттерді пайдалануға және американдық контингент орналасқан «Балад» авибазасына жақында жасалған шабуылға кінәлілерді жауапукершілікке тартуға шақырды..

«Ирак аивабазасына жасалған зымырандық соққылар туралы хабарлама ашу-ызамызды тудырды. Мен жараланған әскерилердің тез сауығуы үшін дұға оқимын және Ирак үкіметін Ирак халқына жасалған осы шабуылға кінәлілерді жауапкершілікке тартуға шақырамын», – деп жазды Помпео Twitter-де.

Естеріңізге салсақ, 3-қаңтарға қараған түні АҚШ Бағдад халықаралық әуежай аймағында Иран армиясының  элиталық бөлімшесі – «Кудс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Касем Сүлеймани мен Ирактағы шиит жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандисаға қарсы операцияны жүзеге асырған болатын. Вашингтон 2019 жылғы 31-желтоқсанда Бағдадтағы американдық елшілікке жасалған шабуылды ұйымдастыруға олардың қатысы бар деп санайды. Шабуыл барысында Сүлеймани және тағы 9 адам оққа ұшқан болатын. 

Оған Жауап ретінде, Иран АҚШ-тың Ирактағы екі әскери нысандарына зымырандық соққы берді 

 

banner_wsj.gif

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады

Ұйым індетпен күрес шараларының жеткіліксіздігі мен оның кең таралуына алаңдаулы

Фото:shutterstock.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус әлемде COVID-19 инфекциясының кең таралуына байланысты коронавирусты «пандемия» деп жариялады, деп жазады Интерфакс агенттігі.

«Біз COVID -19-ға қатысты қалыптасқан  жағдайды пандемия деп сипаттауға болады деген қорытындыға келдік»,–деді ол Женевада өткен баспасөз мәслихатында. 

ДДСҰ басшысы ұйым коронавирустқа байланысты әлемдегі жағдайды тәулік бойы бақылап отырғанын жеткізді.

«Біз коронавирустың осындай қорқынышты қарқынмен таралуына да, сонымен бірге оны ерен қылмай, алаңсыз отырғанға да алаңдаулымыз», – деді ол. 

Гебрейесус «алдағы күндері COVID -19  инфекциясын жұқтырғандардың саны, соның салдарынан қайтыс болғандардың және ауру таралған елдерің саны күрт өседі деп күтіп отырмыз» деп мәлімдеді.

ДДҰ критерийлеріне сәйкес, пандемия – жаңа аурудың әлемдік ауқымда таралуы. Мысалы, тұмау пандемиясы жаңа вирусы пайда болып, ол  бүкіл әлем бойынша таралғанда және адамдардың басым бөлігінің иммунитеті төмен болғанда жарияланады.

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif