1 view

Трамп импичмент бойынша дереу сот өткізуді талап етті

Сонымен қатар, ол республикалықтардың бірігуі туралы мәлімдеді

Фото: Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп сенаттағы сот процесін кейінге қалдырмай, дереу өткізуді талап етті. Бұл турасында Интерфакс хабарлады.

«Демократтар маған Өкілдер палатасында не заңгерлер, не куәгерлер, жалпы ештеңе бермей, тиісті сот процесін өткізуге мүмкіндік жасамаған соң, олар сенатқа сотты қалай өткізу керектігі туралы айтқысы келеді. Шын мәнінде, оларда (демократтарда) ешқандай айғақтар жоқ, олар, тіпті, ешқашан пайда болмайды да. Олар осыдан құтылғысы келеді. Мен дереу сот өткізуді талап етемін!» – деп жазды Трамп Twitter-де.

Ол демократтардың Өкілдер палатасында бірде бір республикалықтың дауысына ие болмағанын атап өтті.

«Республикалықтар ешқашан мұндай бірауызды болған емес! Демокртардың жағдайы нашар болғанысоншалықты, олар, тіпті,  сотқа барғысы дм келмейді!» – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Бұдан бұрын, Дональд Трамптың АҚШ тарихында Өкілдер палатасы импичмент жариялаған үшінші президент атанғаны туралы хабарланған болатын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер