2019 жылы дәулеті артқан байлардың тізімі жарияланды

Жарияланды
Бірінші орынға Бернар Арно жайғасыпты

Bloomberg әлемдегі аса бай адамдар дәулетінің өсуін бағалады. Әлемдегі 500 аса дәулетті адамдар өткен жылы $1,2 трлн табыс тауыпты, олар өздерінің байлығын 25%-ға арттырып, оны $5,9 трлн жеткізген.

Рейтингі көшбасшысы болып, Louis Vuitton Moеt Hennessy (LVMH) компаниялары тобының президенті Бернар Арно танылған. Бір жыл ішінде оның байлығы $36,5 млрдқа артқан. Арно әлемдегі аса бай адамдардың Bloomberg тізімінде үшінші орынға көтерілген.

Рейтингтегі 172 американдық миллиардерлер, барлығын қоса алғанда, өздерінің байлығын  $500 млрдқа арттырған.

Рейтингтегі 52 байекеш 2019 жылды минуспен аяқтапты. Олардың арасында Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос те бар, әйелі Маккензимен ажырасқан ол $9 млрдқа жуық қаржысынан айырылған.

Сондай-ақ оқыңыз